Мәселе

Ақтөбе облысының әкімі халық алдына неге шықпағанын түсіндірді

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Ақтөбе облысының әкімі брифинг өткізіп, төтенше жағдай кезінде қалай жұмыс істегенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин бүгін алғаш рет тілшілер алдында сұраққа жауап берді. Ол қазір облыстағы ахуалдың тұрақтанғанын айтты.

 

«Тіршілікке қажетті барлық нысан, қоғамдық көліктер штаттық режимде жұмыс істеуге кірісіп жатыр. Сондай-ақ сауда, ірі өндіріс орындары және қаржы мекемелері өз жұмысын жандандырды. Дегенмен қазір коронавирус инфекциясының үшінші толқынының өршуіне байланысты жағдай күрделене түсті. Бір түнде 323 дерек тіркелді. Одан әрі көбеюі мүмкін. Кереует санын көбейтіп, дәрі-дәрмек қоры жасақтау тапсырылды. Аурухана мен дәріхана да әзірленді. Жедел жәрдем жұмысы да бақылауға алынды», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

 

Кейін тілшілердің сұрағына жауап беріп, төтенше жағдай кезінде қалай жұмыс істегенін, халық алдына неге шықпағанын түсіндірді.

 

«Қан төгілсе, маңдаған адам қырылса, бәрі басқаша болар еді. Менің бар іс-әрекетім - соны болдырмау. Қолымыздан келгенше тәртіпке шақырдық, басу айттық. Қарамағымдағы қызметкерлерге «барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіңдер» деп тапсырма бердім. Бірақ адамдардың басы қосылмады, диалогқа баратын біреуі де болмады. Бірен-сараң топ келді. Әртүрлі топ. Олардың арасында деструктивті діни ағым өкілдері, Бестамақтағы шошқа фермасының мүддесін ойлағандар кездесті. Кейбірі алаңға жағдайды көру үшін келген екен. Экстремистік топ мүшелері де кездесті. Тергеу кезінде бәрі анықталады. Ештеңе сұраусыз қалмайды. Менің Ақтөбеге келгеніме үш жыл. Мен заңсыз жиынға бір де бір рет шыққан жоқпын, түсініктеме берген де жоқпын. Бұл - менің ұстанымым. Заңсыз жиналғандарға бару, оларға уәде беру заңдастырылғандай болар еді. Қарамағымдағы адамдарды жібергенім рас. Басу айтқандай болды. Көбі түсінген жоқ. Біраз өңірде әріптестерім шықты. Бір де біреуі бітімге келген жоқ. Қайта балағаттады, қол жұмсаумен аяқталды», - деді Оңдасын Оразалин.

 

Облыс әкімінің айтуынша, қаңтардың 5-нен 6-на қараған түні адамдар әкімдікке кірді. Ал қаңтардың 6-нан 7-не қараған таңда құқық қорғау органдары арнайы операция жүргізді.

 

«Билік ғимаратта емес, билік әкім бар жерде. Қаланың ішінде болдым. Оразалин қантөгіске жол бермеді деген атпен тарихта қалады. Ақтөбенің тұрғындарына ризамын. Ашуға салынған жоқ. Ал облыс әкімдігінің ғимаратын жөндеп аламыз. Республикалық емес, өз бюджетіміздің есебінен жөндейміз», - деді Оңдасын Оразалин.

 

Сонымен бірге тілшілерден жауап алуға қатысты пікірін білдірді.

 

«Тек журналистер емес, менің қарамағымдағы мемлекеттік қызметкерлер, қала әкімі Асхат Шахаровқа дейін полицияға шақырылды. Қарапайым адамдар, әдейі қылмыстық ниетпен келген адамдардың бәрін електен өткіземіз. Әлде де журналистер куәгер ретінде шақырылуы мүмкін. Оған түсіністікпен қараңыздар. Телефондарыңыздағы видеолар да маңызды. Дәлел, айғақ ретінде пайдаланылады. Бір де бір журналист қамауға алынған жоқ. Ескере кететін жайт, алаңда алдыңғы шетте тұрған құқық қорғау органдарының қызметкерлері де куәгер ретінде оқиға туралы айтады. Оған ренжімеңдер, бәрі - құқық қорғау органдарының жұмысы. Реті келсе көмектесіңдер, ақпаратпен бөлісіңдер. Бізге керегі - елдегі тұрақтылық», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

 

 

 

 




Көрілген: 535    Пікірлер: 0

жұма, 14.01.2022, 19:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31