Мәселе

Ақтөбеде 4 оқушының 7 жастағы баланы зорлау дерегіне қатысты комиссия отырысы өтті

  • https://samara.aif.ru/

    https://samara.aif.ru/

Ақтөбеде кәмелетке толмағандардың істері және құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ақтөбеде кәмелетке толмағандардың істері және құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

 

Оған ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Е.Иманғалиев, қосымша білім беретін республикалық оқу-әдістемелік орталықтың директоры Р.Шер, облыс әкімінің орынбасары Бүлбұл Елеусінова, облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан, жергілікті полиция қызметінің басқарма бастығы Ардана Саймағанбетов, облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Ж. Мұхамбеталина, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның хатшысы Жолдас Нұршин, мектеп әкімшілігі қатысты.

 

Отырыста Ақтөбе қаласындағы орта мектептің 1 сынып оқушысына қатысты зорлық-зомбылық туралы құзырлы органдарға хабарламағаны үшін жауапқа тарту сұрақтары, сонымен қатар, балаларды қорғау шараларының кешенін жасай отыра кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу сұрақтары қаралды.

 

Комиссия мүшелері зардап шеккен бала мен оның отбасына психологиялық қолдау мен көмекті ұйымдастыру керектігін атап өтті.

 

Мектеп әкімшілігін қылмыстық істі тергеуі аяқталғанға дейін жұмыстан уақытша шектеу ұсынылды.

 

Бұдан өзге, білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылық деректерін анықтау және оларға ден қою сұрақтары бойынша оқу семинарын өткізу ұсынылды.

 

Еске салсақ, Ақтөбе полициясы мектеп оқушысына нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану дерегіне қатысты тергеуді бастап, бірнеше сараптама тағайындады.

 

Облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырханның айтуынша, алғашқы сараптаманың қорытындысы бойынша зорлық фактісі анықталмаған.

 

 




Көрілген: 771    Пікірлер: 0

сенбі, 10.07.2021, 09:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30