Мәселе

Ақтөбеде әкімнің есеп беруіне келген жалғызбасты ана шу шығарды

  • Ақтөбеде әкімнің есеп беруіне келген жалғызбасты ана шу шығарды

    Ақтөбеде әкімнің есеп беруіне келген жалғызбасты ана шу шығарды

Ақтөбеде әкімнің есебіне келген жесір келіншек мектеп директорын пара сұрады деп айыптаған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.


Баласы жасқа толмай күйеуінен айырылған келіншек, қазір жұмыссыз қалып, тұрмыс жағдайы төмен екенін жеткізді. Әкімнің есеп беру кездесуі кезінде микрофонды қолына алып, мектеп директорын кінәлады.


"Жолдасым үш жыл бұрын қайтыс болған. Бір бала өсіріп отырмын. Өзім бір айдан бері жұмыссызбын. Әр мектептің есігін тоздырып жүрмін. Олар менен 200 мың теңге пара талап етеді. №60 мектеп директоры Абзал Тәжімішовты орнынан босатуды талап етемін. Ол кісі менің дипломымды лақтырды. Осы кісі орнын босатсын. Оны сотқа беремін", - деп күйінді келіншек.


Айтуынша, оны еш жер жұмысқа алмай жүр. Қазір нанды дүкеннен қарызға алып жеп отырғанын айтып шырылдады.


"Мені кім асырайды? Үйім банкте кепілде тұр", - деді Ләззат Бадауова.


Келіншектің бұл мәлімдемесінен кейін әкімнің есебіне шұғыл шақыртылған мектеп директоры келіншектің жала жауып отырғанын айтты. Осы үшін директор полиграфтан өтіп, бұрынғы қызметкерімен соттасуға дайын.


"Бұл мұғалім бізде 2017 жылдың 12 - 21 қыркүйегі аралығында жұмыс істеді. Мектеп басшылығымен кикілжіңге келді. Менде ол кездегі видео жазба сақталған. Полиграфтан детектор қондырғысынан өтіп, шындықты айта аламын. Мен ол кісіні сотқа беремін. Заң аясында өзімнің кінәсіз екенімді дәлелдеп шығамын", - деді № 60 мектеп директоры Абзал Тәжімішов.




Көрілген: 539    Пікірлер: 0

жұма, 08.02.2019, 23:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30