Мәселе

Ақтөбеде әлдебіреу металл қабылдайтын орынға әскери танк өткізген

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Ақтөбеде металл қабылдау бекетіне танк тапсырып, қазір тергеу жүріп жатыр. Танкіні кімнің тапсырғаны туралы ақпарат әлі күнге дейін құпия сақталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ұлттық ұланның әскери полициясы 66/55 әскери бөліміне хабар келіп, танктің металл қабылдау бекетінде тұрғаны анықталды.

 

«Біздің әскери бөлімде әскери техника болған соң барып қарау - міндетіміз. Әскери бөлім офицерлері оқиға орнына барды, қарады. Шын мәнінде танк тұр. Тек жоғарғы бөлігі, оқ-дәрісі жоқ. Сол жерде кімнің тапсырғаны анықталды. Оны қазір жариялай алмаймыз. Тексеру жүріп жатыр. Әскери тергеу басқармасы, Ақтөбе гарнизонының әскери полициясына хабар берілді. Құжаттар жиналды. Танкінің материалдық құны жоқ. Дегенмен кез келген әскери техника арнайы орында жойылуы тиіс»,- деді 66/55 әскери бөлімі әскери полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі Марат Есет.

 

Оның айтуынша, Т-34 маркалы танк соғыс кезінде қолданылған. Қазір қолданыста жоқ.

 

«Қазір танкі металл қабылдау бекетінде тұр. Нақты шешім қабылданғанға дейін әскерилер күзетеді. Металл қабылдау бекетіндегі адамдардың айтуынша, салмағы 20 тонна болады»,- деді Марат Есет.

 

 




Көрілген: 1122    Пікірлер: 0

сенбі, 03.07.2021, 18:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30