Ақтөбеде әйелдерше киіп жүрген жігіттер пайда болды

26 шілде 2022, 17:40

Ақтөбедегі сауда орталығының алдында көйлек киіп жүрген жігіттердің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бейнежазба Instagram-дағы Zello-aktobe.04 парақшасына жарияланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , Экспресс К-ға сілтеме жасап.

Бейнежазбада сауда орталығының алдында бірі үстіне ақшыл түсті ұзын, екіншісі қысқа етекті алқызыл көйлек киген екі жігіт кетіп бара жатыр. Тіпті қысқа көйлек киген жігіт белін белдікпен тартып алыпты.

 

 

Жігіттердің бұл әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды.

Бірі "Ақырзаман, ар-намыс дегенді ұмытқан", "Астағфируллах", "Неге жарнамалайсыңдар бұндайды?", "Осындай малдар бізге кездеспейді, айырып жіберетін" десе, енді бірі "Осындай күйге жеттік, сорлы халқым", "Алла сақтасын санасыздар", "Ақтөбенің жігіттері қайдасыңдар? Айырып тастасаңдаршы" деп ызалана жазыпты.

 

Бірқатары бұның қандайда бір нәрсенің жарнамасы немесе біреумен бәстескен болуы мүмкін екенін айтады. Дегенмен көпшілік жарнама, пранк болса да жігіттердің көйлек кигенін құптамаған.

"Көйлек киюден намыстанбайтын қызтеке болдыңдар ма? Жігіттің өз рөлі бар" десе, бірі "Көйлекті жігіттер киіп алды, біз не киеміз" деп әзілдепті.