Мәселе

Ақтөбеде бір топ адам Әлібиге араша сұрап сот алдына жиналды (фото, видео)

  • Фото: NUR.KZ

    Фото: NUR.KZ

Ақтөбеде 10 жылға бас бостандығынан айрылған лагерь тәрбиешісі Әліби Өтепбергенге қатысты бүгін болуға тиіс апелляциялық сот отырысы кейінге қалдырылды. Ал облыстық сот ғимаратының алдына әділдік сұрап жиналған ондаған адам полиция бөлімшесіне жеткізілді деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

"Қазір мен полиция бөлімшелерін аралап жүгіріп жүрмін. Бауырыма араша сұрап сот алдына барған группаластарын полиция алып кеткен. Қазір әкімшілік сот болу керек. Енді соларға көмектесе аламын ба деп полиция бөлімшелерін жағалап жүрмін",- дейді Әлібидің ағасы Алдияр Табышев.

 

Бүгін 40-қа жуық адам сот ғимаратының алдына Әлібидің суреттері мен әділдік сұрап жазылған плакаттар ұстап барған. Полиция департаменті оларға қатысты әкімшілік шара қолданылатынын растады.

 

"Облыстық сот ғимаратының алдына санитарлық нормаларды бұзған 35-ке жуық адам жиналды. Полиция қызметкерлері жиналғандарды Төтенше жағдай кезеңінде жиналыстарға жол бермеу және қолданыстағы заңнама шеңберінде осы мәселені шешу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналғандарға қатысты әкімшілік шаралар қабылданатын болады. Сотталушының адвокатының өтініші бойынша сот процесі 2020 жылдың 15 мамырына кейінге қалдырылды. Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтардан карантин режимін бұзбауды сұрайды",-деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

 

 

Естеріңізге салсақ, "Шабыт" университетінің 23 жастағы студенті Әліби Өтепберген "Жас балаларды азғындық жолға түсірді" деген баппен 10 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Жазғы демалысында Ақтөбедегі балалар лагеріне тәрбиеші болып жұмысқа орналасқан студент қылмыстық жауапқа тартылды. Лагерьде бар-жоғы 5 күн ғана жұмыс істеген оның үстінен ата-аналар арыз түсірді. Сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспейді. Апелляциялық сот отырысы 15 мамырға қалдырылған.

 

ВИДЕО;  www.youtube.com/watch

 




Көрілген: 642    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.05.2020, 17:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30