Мәселе

Ақтөбеде бірінші сынып жетекшісінің үстінен полицияға арыз түсті

  • Көрнекі фото: huffingtonpost.com

    Көрнекі фото: huffingtonpost.com

Ақтөбе қаласы №45 мектептің 1 сынып жетекшісі Арайлым Елдесованың үстінен полицияға арыз түсті. Мектеп мұғалімін оқушының әжесі кінәлап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.


Ақтөбелік ұстаздың үстінен "мұғалім немеремді 1 сағат 45 минутқа ұстап, басынан ұрды" деген шағымнан кейін қылмыстық іс қозғалған. Себебі мектептен кейін басы айналып, өзін жайсыз сезінген оқушы қазір ауруханада жатыр екен.


"11 сәуір күні 1 сынып оқушысының әжесі: "Жетекші немеремді 1 сағат 45 минут бойына ұрды" деген арыз түсірді. Ол кісі маған "Баланың басынан ұрғандықтан немерем үйге ауырып келді, мұғалімді жұмыстан шығар" деп келді. Полиция бөлімінен бес адам келіп, әр баладан түсініктеме алды. Сыныпқа ата-аналармен бірге кіріп "Арай апайларың ұрады ма?" деп те сұрады.

Мен қазір оқушыға қатысты да, мұғалімге қатысты да мінездемені прокуратураға жібердім. Үстінен шағым түскен жас маман өзіміздің мектепті қызыл дипломмен бітірген түлек. Өрескел қылығы болған жоқ", - дейді №45 мектеп директоры Алмагүл Ешмағанбетова.


Мектеп басшылары шағымданған ата-ананың діни көзқарастағы адамдар екенін алға тартты. Ұстаздар ауруханада жатқан баланың ауырғанына күмән келтіріп отыр.


"Отбасы діни көзқарастағы адамдар. Ауырды деген бала аурухананың ішінде тарсылдап ойнап жүр. Барлық анализдері жақсы", - дейді мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.


Ал бас дауға қалған сынып жетекшісі бар болғаны 24 жаста. Ұстаздық қызметті өткен жылғы оқу жылында бастаған.


"Мен ол оқушының оқу үлгерімі жаман деп айта алмаймын, қабылдауы жақсы. Дегенмен үйде дайындықты аздап қажет етеді. Үшінші тоқсан бойынша "қанағаттанарлық" деп бағаланды. Баланың әжесі менімен сөйлескісі келмейтінін айтып, директорға арызданды.

Директордың алдында ол мәселе жабылған секілді болды. Бірақ келесі күні ата-ана өзін бопсалағанын айтып, полицияға хабарласқан. Әжесі: "құлағымның естімейтінін пайдаланып, қорқытып арыз жазғызды" деген", - дейді сынып жетекшісі Арайлым Елдесова.


Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі сынып жетекшісінің үстінен кәмелеттік жасқа толмаған балаға қатыгездік көрсету бабымен іс қозғалғанын растап отыр.


"10 сәуір күні Ақтөбе қаласы Алматы ауданы №4 Полиция бөліміне бастауыш сынып мұғалімінің 1 класс оқушысына дене жарақатын келтіргені туралы хабарлап, баланың ата-анасы шағым жазды.

Ақтөбе медицина орталығының балалар стационарында кәмелетке толмаған балаға "Жабық бас-ми жарақаты, бас миының шайқалуы" диагнозы қойылған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-тармағы "Кәмілетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша сот алды тергеу-тексеру шаралары жүргізілуде", - деп хабардар етті облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. 




Көрілген: 1087    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.04.2019, 13:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31