Мәселе

Ақтөбеде екі жыл бұрын пайдалануға берілген үйдің қабырғасы үгітіліп жатыр

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Ақтөбеде екі жыл бұрын ғана пайдалануға берілген тұрғын үйдің қабырғасы үгітіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Себебі құрылысқа сапасыз материалдар пайдаланылған. Тұрғындардың айтуынша, үй бастапқы жобаға сәйкес келмейді. Арнайы комиссия мүшелері жүргізген тексеру нәтижесінде кемшіліктерді түзету үшін шамамен 500 миллион теңге керек екені анықталған.

 

Мысалы жоба бойынша үйдің қасбеті күйген кірпішпен қапталуы керек еді. Алайда, жаңбыр суына төзімсіз материал қолданылған.

 

Бұға қоса, электр желілерінен де үнемі ақау шығып, кәріз жүйесі қалдық суға толып қалады.

 

Тұрғындар құрылыс компаниясы басшысының үстінен шағым түсірген. Соған байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберілген.

 

Жаңа үйдің жағдайынан жергілікті билік өкілдері де хабардар екенін айтып отыр.

 

Таңат Шегебаев, облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

 

- 2018 жылдан бері бірнеше тексеру жұмыстарын жүргіздік. Көптеген қателіктер таптық. Ол бойынша талаптар қойдық. Ол талаптар түбегейлі мердігердің тарапынан жасалған жоқ. Соңында біз сотқа бердік біздің талаптардың орындауын сот арқылы шешімін алдық. Сот орындаушыларында палатаға берілді.

 




Көрілген: 780    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 16:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30