Мәселе

Ақтөбеде экономикалық тергеу қызметінің тергеушісі 1,7 миллион теңге пара алған

  • Ақтөбеде экономикалық тергеу қызметінің тергеушісі 1,7 миллион теңге пара алған

    Ақтөбеде экономикалық тергеу қызметінің тергеушісі 1,7 миллион теңге пара алған

Экономикалық тергеу қызметінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі 3 жыл бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті облыстың мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Б. Мерейге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталған болатын. Ол заңсыз кәсіпкерлік қызметі туралы қылмыстық істі тоқтатуы үшін жеке фирманың басшысынан 1,7 миллион теңге сомасында пара алу фактісі бойынша күдікке ілінген. "Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен Мерей заңсыз іс-әрекет үшін пара алу фактісі бойынша кінәлі деп танылды және мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекет үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдарда, сондай-ақ ұлттық компанияларда және холдингтерде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды", - делінген хабарламада. Оның сондай-ақ "3-санатты біліктілік сыныбы" арнайы атағынан айырылғаны айтылады. 




Көрілген: 354    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.06.2019, 23:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30