Мәселе

Ақтөбеде енесі келінін төрт баласымен бірге қыстыгүні далаға қуып шыққан

  • Ақтөбеде енесі келінін төрт баласымен бірге қыстыгүні далаға қуып шыққан

    Ақтөбеде енесі келінін төрт баласымен бірге қыстыгүні далаға қуып шыққан

Ақтөбеде енесі келінін 4 баласымен бірге үйден қуып жіберген. Қыстың көзі қырауда далада қалған келіншек, перзенттерін жетектеп дағдарыс орталығынан бір-ақ шығыпты.


Әйелдердің құқығын қорғаумен айналысатындар соңғы уақытта отбасындағы кикілжіңнің зардабын тартатындар жиілеп кеткенін айтты. Бұрын келіншектер тек күйеулерінен, жігіттерінен таяқ жедік десе, енді жуан жұдырығын ала жүгіретіндердің қатарына қайын жұрттағылар да қосылыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.


29 жастағы келіншек бет-жүзін ешкімге көрсеткісі келмеді. Жастайынан жетімдікті көрген ол бойжетіп, өз ошағының түтінін түтетіп, жағдайы енді түзелер деген арманының күл-талқаны шыққанына налиды. Жас отбасы ата-енесімен бірге тұрған. Қит етсе әр қимылымнан ілік іздеп отыратын енем бізге шарт қойды деп отыр.


«Енем отырғызып қойды екеумізді. Сосын екеуің ажырасыңдар деді. Айқай-шу шығарма сен деді. 4 баланы бөліп алайық, 2 ұл папасымен, бізде қалсын. 2 қызды сен алып кет» деді. Давай, солай келісеміз дегенде, мен жоқ дедім. Сол жерде күйеуім жынданды да, тұрып, кетіп қалды. Енем айтты, үйді екі күн ішінде босат деді. Қаңтар, боран, қайда барам дедім. Қайда барсаң, онда бар деді», - дейді әйел.


Барар жері, басар тауы жоқ келіншек балаларымен бірге дағдарыс орталығын паналаған. Кейін жалғызбасты анаға мемлекет баспана берген. Ененің әбден басынуынан, тіпті кейде күш көрсететінен шаршаған ол енді қайтып күйеуіне қосылғысы жоқ.


«Балалар үйінде өстің, әке-шешең жоқ дегендей батыратын маған. Ол кезде күйеуім болмайтын, вахтада жасады. Тиісті, ұрды, ұрысты дегендей. Ұрып, шымшитын, көршілер де көрді», - дейді келіні.


Арыз жоқ болса қылмыстық іс те жоқ! Отбасында зәбір көрдім деген қыз-келіншектер көбінесе жеме-жемге келгенде күйеулеріне кешірім беріп тарқасады екен. Ол кезде инспекторлар тек нұсқама беріп, әкімшілік жауапқа тартумен ғана шектеледі.


«Отбасындағы жанжал тек әйелі мен күйеуі арасындағы жанжал емес, оның ішінде ене мен келін бар, ата мен ене, одан қалды қайып апа, қайын жұрт деген тағы бар. Ол қыз баланы дағдарыс орталығына орналастырдық. Күйеуіне егер арызданса- арызы бойынша іс қозғалады, арызданбаса, біздер оған тек қорғау нұсқамасын жаза ретінде таныта аламыз», - дейді облыстық полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылық қорғау жөніндегі инспектор Ақгүл Қасанғалиева.


Ақтөбеде жыл басынан бері 1800 әйел отбасында зәбір көрдім деп шағымданған. Ауыр және орташа жарақат алғандарға қатысты 16 қылмыстық іс қозғалып, жұдырығы жуандарды жауапқа тартыпты. Ал 3000 адамға қорғау нұсқамасы жіберілген.




Көрілген: 942    Пікірлер: 0

жұма, 29.11.2019, 22:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31