Мәселе

Ақтөбеде жүйкесі сыр берген жандар емшілерді жағалап, бейіт басына түнеп жүр

  • Ақтөбеде жүйкесі сыр берген жандар емшілерді жағалап, бейіт басына түнеп жүр

    Ақтөбеде жүйкесі сыр берген жандар емшілерді жағалап, бейіт басына түнеп жүр

Ақтөбедегі жүйкесі сыр берген жандар емшілерді жағалап, бейіт басына түнеп жүр. Оған науқастардың туыстары кінәлі, дейді дәрігерлер. Оларды тиісті орында емдетудің орнына осындай әрекетке баратыны жақсылыққа апармайды, оны айтсақ та, құлақ аспайды деп отыр. Өйткені, беті бері қараған науқастың дерті емші жағалап жүргенде асқынып кетеді екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.


Онсыз да жүйкесі сыр берген пациенттердің ауруын асқырдыратын – ағайындары. Психикалық орталықтағы мамандар осындай уәж айтады. Өйткені, олар сырқатты дер кезінде дәрігерге қаратудың орнына түрлі бақсы-балгер, емшілерді жағалап, тіпті түн ортасында бейіттің басына түнеуге тастап кетеді екен.


Көп жағдайда жанындағы жақынының психикасында ауытқуды байқағанымен, ағайыны мұны мойындағысы келмейді. Сосын дәрігерге емес, әуелі халық емшілеріне жүгінеді. Түрлі әулие-әмбилердің басына түнетіп, дерті дендегеннен кейін ауруханаға бір-ақ келеді екен. Ал кейде, тәп-тәуір беті бері қарап, ем дари бастаған адамды емшілерге апарып, жағдайын нашарлатып келетіндер бар, дейді орталық дәрігерлері.


«Қазақтың менталитеті әлі де кішкене өзгере қойған жоқ. Себебі, осындай ауруға шалдыққаннан кейін тума-туыстары бізге бірден әкелмейді. Бірінші балгерге, сосын емшілерді жағалап-жағалап, кесенеге, бейіттерге түнетіп, содан жүріп келеді, 90 процент жағдайда солай түседі. Бізге деффектное состояниемен алып келеді де, бастапқы сау қалпына келтір деген сұрақ қояды», – дейді облыстық психикалық денсаулық орталығының бөлім меңгерушісі Ақмарал Балғынова.


Психиатр дәрігерлер соңғы уақытта жүйке жүйесі ауруының жасарып бара жатқанына алаңдаулы. Мұнда түскендердің диагнозы әртүрлі. Шизофрения, эпилепсия секілді туабітті диагноздар, тұқым қуалайтын сырқаттардан бөлек, жүре бара пайда болған жүйке аурулары да бар. Пациенттердің жасы 30-дан жоғарылар. Олардың арасында кезінде бақ-дәулеті асып-тасыған бизнесмендер де болған.


«Құмар ойынға салынып, емделуге келгендер болды. Алайда, олар өздерін жүйке жүйесі ауруына шалдықтым деп мойындамайды. Өзін сырқаттардың қатарына жатқызбайды. Көбіне ондай күйге қалай түседі? Үй-жайы, көлігінен айрылып, отбасы, туыстарынан бас тартады олардан. Күйзеліске түскендердің арасында дәурені жүріп, дәулеті асып-тасып отырғандар да кездесті. Мысалы, 1968 жылғы азамат болды. Өзінің бизнесі болған. Кейін бәрін ойынға тігіп, бәрінен айрылып, ақыры қайтыс болды», – дейді дәрігер-психиатр Гүлсім Ғабдрахманова.


Мамандар әр пациентке жеке ем тағайындайды. Әрқайсысымен психолог дәріс өткізеді. Түрлі әдістер арқылы адамның ішкі жан-дүниесінде не болып жатқанын түсінуге тырысады.


«Мысалы, адамның суретіне қарап үрей, қорқыныш бар екенін білуге болады. Мысалы, тұйықталған адамды бейнелейді. Кейбір жағдайда агрессия, қорқыныш көрінеді», – дейді психолог Малика Ешниязова.


Бүгінде облыста 8 мыңға жуық адам психикалық ауру белгілерімен есепте тұр. Ал психикалық медициналық орталықта 2000 адам жатып ем қабылдайды.


stan.kz




Көрілген: 378    Пікірлер: 0

жұма, 01.02.2019, 22:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30