Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақтөбеде соңғы екі айда көлік апатынан 28 бала зардап шеккен

06 тамыз 2022, 09:09

Жаз айларында балалар жарақатының жиілей түсуі ақтөбелік дәрігерлер мен полиция қызметкерлерін алаңдатып отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Тек маусым айынан бері қала жолдарында болған көлік апаты салдарынан 28 жасөспірім зардап шеккен. Ал жыл басынан бері тіркелген 52 жазатайым оқиғадан 5 бала қаза тапты.

 

Бұдан бөлек, тұрмыстық жағдайда ойын алаңдарында жарақат алу дерегі бар.

 

Балалар өмірін қорғау үшін қазір алдын-алу шаралары жиі өткізіледі. Лагерлерде демалып жатқан оқушыларға да жазғы мезгілде абай болу ескертіліп, қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп жатыр.

 

Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану керектігі де айтылды.      

 

Алмагүл Айтқұлова, салауатты өмір салты орталығының дәрігері:

 

– Бұл акциямыз балалардың өмірін қорғау, олардың күнделікті өмірде сақ болуларын үйретуге бағытталған. Бұл жерде суға шомылу, жолдан өту, ойын алаңдарында абай болу ережелері түсіндіріледі. Тіпті күн астында көп жүрудің өзі денсаулыққа кері әсер ететіні айтылады.