Мәселе

Ақтөбеде тұрақтандыру қорының шіріген картобы сатылып жатыр

  • https://astanatv.kz/

    https://astanatv.kz/

Ақтөбеде көкөніс дауы. Сауда орындарында тұрақтандыру қорынан әкелінген шіріген картоп сатылып жатыр. Сапасыз өнімді сөрелерге шығарған кім? Картопты бюджеттің ақшасына сатып алған «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бұған не дейді? 

 

Ақтөбеде картоп қымбат. Келісі 200 теңгеден жоғары. Көкөніс бағасының өсуін тежеп, халықты арзан өніммен қамту үшін бір айдан бері тұрақтандыру қорындағы арзан картоп саудаға шығарыла бастаған. Алайда, әлеуметтік баға 84 теңгеге болса да картопты ешкім алмай жатыр.

 

Задагүл ЖАНӘДІЛОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 

– Оны не істеймін ақшаға шіріп жатқанын алып, қайтеміз амал жоқ осыдан аламыз, қымбат болса да. Өздерің көріп тұрсыңдар, іріктеп қарап едім, алатын жері жоқ.

 

Сауда орнының өкілі сөрелердегі картоптың тұрақтандыру қорынан әкелінгенін растады. Айтуынша, көкөністің алғашқы партиясы таза, түсі сары картоп болған. Кейін түсі қызыл, нашар картоп келе бастады, дейді саудагер.  

 

Нұргүл ТАСБАЕВА, САУДА ОРНЫНЫҢ ӨКІЛІ:  

 

– Осы келген қызыл 84-тің картобы, адамдар іріктеп алып жатыр, шірігенін алмайды.

 

Ал, тұрақтандыру қорындағы көкөністің сапасына жауапты «Ақтөбе» әлеуметтік –кәсіпкерлік корпорациясының өкілі қордың өнімі шіріген болуы мүмкін емес деп ақталды.

 

Оның айтуынша, картоп қоймадан жіберілер алдында сапалы болған. Әрі қарай дүкенге жеткенше шіріген-шірімегенін  ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары мен мониторингтік топ қадағалауы тиіс деп жауапкершілікті ығыстыра салды.  

 

Әнуар АСЫЛОВ, «АҚТӨБЕ» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 

– Өнімді іріктеу кезінде шатастырып, шірігенін салып жіберетін жағдайлар болады, бұл адами фактор. Бірақ, бұл тұрақтандыру қорының барлық өнімі шіріген деген сөз емес. Бұл жайтты тіркеп, мониторингтік топқа тексеруге жолдаймыз.

 

Бір қызығы, екі апта бұрын тұрақтандыру қорына көкөніс салған кезде мониторингтік топ картопты кесіп, көріп сапасына мүлдем сын айтпаған.

 

Биыл тұрақтандыру қорына 1 мың тоннадан астам картоп салынған. Бұған бюджеттен 78 миллион теңге жұмсалған. Келесі аптада қорда сақталып тұрған сәбіз, пияз бен қырыққабат саудаға шығарылады.

 

 

 

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 732    Пікірлер: 0

сенбі, 20.11.2021, 09:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31