Мәселе

Ақтөбеде үйсіз мысықтарды тамақтандырған әйелге айыппұл салынды

  • Ақтөбеде үйсіз мысықтарды тамақтандырған әйелге айыппұл салынды

    Ақтөбеде үйсіз мысықтарды тамақтандырған әйелге айыппұл салынды

Ақтөбе тұрғынына қаңғыбас мысықтарды тамақтандырғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы құқық қорғау органдарының әрекетіне наразы болған адвокат Жангелді Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Адвокат бұл шараны заңсыз деп санайды, ол бұл туралы Facebook-те жазды.

"Қаңғыбас мысықтарды "рұқсат етілмеген" жерде, №38 орта мектепте, яғни қоғамдық орында тамақтандырыпты. Қандай бұзушылық екенін әлі түсінбедім? Қаңғыбас мысықтарды тамақтандыруға болмай ма? Немесе рұқсат етілмеген жерде тамақтандыруға болмай ма? Рұқсат етілген орындар қайда?Мейрамханада ма? Қоғамдық жерде тамақтандыруға болмай ма? Ал қоғамдық емес орындарда?"- деп ашуланды адвокат.

Оның сөзінше, хаттамадағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бабы да дұрыс көрсетілмеген.

" ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы дұрыс емес - ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу туралы. Бұл баптың үйсіз мысықтарды тамақтандыруға ешқандай қатысы жоқ", - деп толықтырды Жангелді Сүлейменов.

Ол Қазақстан заңнамасында үйсіз жануарларды тамақтандыруға тыйым салатын бап жоқ екенін атап өтті.

"Бүкіл әлемде адамдар бақытсыз тіршілік иелеріне көмектесуге тырысады, ал біз бұл үшін айыппұл саламыз", - деді адвокат.

Ол прокуратура мен Ақтөбе полиция бөліміне жүгініп, әйелге жазылған хаттама мен айыппұлды алып тастауды, сондай-ақ уәкілетті полицейді жазалауды және оны 100 қаңғыбас мысықты тамақтандыруға мәжбүр етуді сұрады.

Ақтөбе мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі 21 шілдеде әйел жасалған әкімшілік хаттамаға шағымданып, сотқа жүгінгенін хабарлады.

"Хаттамада азаматша мысықтарды асырау және серуендету ережелерін бұзғанын, атап айтқанда, қаңғыбас мысықтарды рұқсат етілмеген жерде тамақтандырғанын көрсеткен", - деді сотта.

27 шілдеде әйел шағымын кері қайтарып алған, сот оған қоса ұсынылған барлық құжаттарды қайтарып берді.




Көрілген: 501    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.07.2020, 10:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30