Мәселе

Ақтөбедегі оқушы өлімі: Қыз бен жігіт арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласқан

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Оқушы өлімінен соң Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық», «Адам өлтіру» баптары бойынша іс қозғалды. Күдікке іліккендердің бәрі - оқушылар мен колледж студенттері, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бүгін Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов оқушы өліміне қатысты жан-жақты ақпарат берді. Төбелес оқушы қыз бен жігіт арасындағы қарым-қатынастан соң болған.


«10 қараша күні балалар топ болып төбелескенін білесіздер. №61 орта мектептің 2004 жылғы оқушысы көз жұмды. Оқиға шамамен сағат 20:00-де Заречный ауылындағы «Жалғас» дүкені маңында болды. Кәмелет жасына толмағандардың төбелесі қыз бен жігіт арасындағы қарым-қатынастан басталған екен. Сол мектептің 9-сынып оқушысы құрдасымен сөзге келіп, жанжалдасып қалған. Ал оқушы қыз таныстарына шағымданып, кейін оның соңы үлкен дауға айналып кетті. Қазіргі кезде күдіктілердің бәрі ұсталды. Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық», «Адам өлтіру» баптары бойынша іс қозғалып, соталды тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.


Бұл төбелеске №61 орта мектептің 9, 10, 11 сынып оқушылары, М.Арын атындағы мектептің шәкірттері қатысқан. Колледж студенттері де бар. Сол күні 15 жастағы жәбірленушіні жаппай төбелеске қатысқан жасөспірімдер ауруханаға жеткізген. Бірақ аурухана ішіне кіргізбей, ауласына тастап кеткен.


1


«Қайғылы оқиғадан соң да бір жасөспірім аулада тұрған әкесінің көлігін айдап кетіп, жәбірленушіні ауруханаға апармақ болған. Теміржол ауруханасына апарып, сол маңға тастап кеткен. Өздерін полиция қызметкерлері ұстап алды. Рөлде кәмелет жасына толмаған №61 мектептің 11-сынып оқушысы отырған. Әкесі білмеген, отбасына айтпаған», - деді Атығай Арыстанов.


Полиция бастығы ата-аналардан балаларын бақылаусыз қалдырмауды сұрады. Әсіресе кешкісін үйден шығармаған абзал.


«Оқушы өліміне қатысты Ақтөбе автожол колледжінің 17 жастағы студенті қамауға алынды. Оның жанында достары да болған. Біреуі - колледж студенті, екіншісі - М.Арын атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы», - деді полиция бастығы.


Еске салсақ, Ақтөбеде кәмелет жасына толмаған балалар арасында төбелес болып, біреуі көз жұмды, тағы екеуі пышақ жарақатын алды.


 




Көрілген: 421    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.11.2019, 15:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31