Мәселе

Ақтөбелік әйел бетін пышақпен тілген бұрынғы күйеуін соттамауды сұрады

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Бұрынғы келіншегінің бетін пышақпен тілгілеген ер адамға үкім шықты. Ақтөбе қалалық сотының шешімімен 38 жастағы айыпталушы 4 жылға бас бостандығынан айрылды.

 

Жәбірленуші бұрынғы күйеуін кешіріп, судьядан оны бас бостандығынан айырмауын сұраған болатын. Алайда сот ер адамның қылмысты қатыгездікпен жасағанын ескеріп, әрі кінәлінің ол кезде мас болғанын алға тартып, қоғамнан оқшаулау дұрыс деп тапқан, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

 

Еділ Құдайберген, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

 

"Бекенов қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігімен, яғни денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Істі қарау барысында жәбірленуші келтірілген залалды өндіру туралы азаматтық талабынан бас тартқан".

 

Сұмдық оқиға наурыз айында болған.

 

Қызғаныштан көзін шел басқан ер адам бұрынғы әйелін жұмыс орына іздеп келіп, бетін пышақпен тілгілеп тастаған. Кейін түк болмағандай, сыраханада біреулер оған қастандық жасады деп, жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалған.

 

Сот процесі кезінде ер адам оған материалдық көмек көрсетіп, пластикалық отаның қаражатын төлеуге уәде берді.

 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.




Көрілген: 791    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 17:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30