Мәселе

Ақтөбелік келіншек тоғыз айлық сәбиімен вокзалда түнеп жүр

  • Фото: Іnstagram.com

    Фото: Іnstagram.com

Ақтөбеде 33 жастағы Динара Шайжанова есімді келіншек вокзалда көмек сұрап жүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.


Жалғызбасты ананың жанайқайы Instagram-дағы ekaterina5178 парақшасында жарияланған.


Келіншектің айтуынша, түнді бір жасқа толмаған баласымен вокзалда өткізген.


"Жолдасым жоқ. Осыған дейін баланың жәрдемақысымен пәтер жалдап тұрдым. Пәтер ақысын төлей алмаған соң мені шығарып жіберді. Енді барар жерім жоқ. Ата-анам қайтыс болған, туысқандарыммен араласпаймын. Кеше баламмен вокзалға түнеп шықтым", - дейді Динара Шайжанова.


Баланы өзі үшін туып алғанын айтқан келіншек босанғанын баланың әкесіне де айтпаған.


"Баламның әкесі отбасылы адам. Ол менің босанғанымды білмейді. Осыған дейін кафеде жұмыс істеген болатынмын", - деді келіншек.


Динараның жағдайынан хабардар болған, тиісті мекемелер оған көмек көрсетуге уәде етті. 




Көрілген: 909    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.04.2019, 19:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30