Мәселе

Ақтөбелік тұрғын алпысқа таяған анасын сабап, үйінен қуып шыққан

  • © pixabay.com

    © pixabay.com

Ақтөбедегі дағдарыс орталығына 58 жастағы әйел адам көмек сұрап келді. Ұлы мен қызына "сыймаған" егде тартқан әйел күйеулері сабаған келіншектермен бірге тұрған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Тұрмыстық зорлықта зәбір көрген келіншектердің жасы әртүрлі. Орталыққа келгендердің арасында 18 жастан 58 жасқа дейінгі әйел адамдар бар. Құндақтағы кішкентай баласымен көмек сұрап жүрген көпбалалы аналар аз емес. Төрт немесе одан да көп баласымен дағдарыс орталықтарына келеді. Бізде жатқан 58 жастағы әйел балаларының тарапынан зорлық көрген. Балалары қол көтеріп, үйінен қуып шыққан", - дейді дағдарыс орталығының басшысы Динара Қарабалина.

Жанұясынан зәбір көрген нәзік жандылар көмек сұрап келетін орталықта алты ай тұру тегін. Оның ішінде тамағы, жатын орны бар.

Осы уақыт аралығында әйелдер өзіне келіп, әлеуметтік және медициналық көмек ала алады.

Биыл орталыққа 95 адам көмек сұрап келген. Оның 33-і әйел адам болса, 62-сі бала.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақтөбе облысында СЭҚ және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері соңғы екі жыл ішінде бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша 178 тергеу жүргізіп, бюджеттен 830 миллионнан астам теңге ұрланғанын анықтаған болатын.

 




Көрілген: 700    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.12.2019, 10:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30