Мәселе

«Ақылды бағдаршамның» кептеліске қарсы пайдасы бар ма?

  • https://ult.kz/

    https://ult.kz/

Елордада 600-ден астам бағдаршам бар. Оның жартысына жуығы ақылды жүйемен жабдықталған. Жол-көлік қозғалысына бейімделгіш құрылғылар қаладағы кептелістің алдын алуға арналған. Бірақ бұдан шаһардағы көлік нөпірі азайды ма? Жоғары технология өнімі жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруына кедергі келтіріп жатқан жоқ па?

 

Бас шаһардағы ақылды бағдаршамдар кептелісті оңтайландыру мақсатында көбіне көлік жүргізушілеріне басымдық береді. Бірақ темір тұлпар иелеріне ұзақ жанған жасыл түс жаяу жүргіншілерді кідіртіп, олардың жолдан өтуіне кедергі келтіріп жатқанға ұқсайды. 

 

Достық көшесіндегі бұл бағдаршамның жаяу жүргіншілерге арналған жасыл түсі ұзақ жанып болмайды. Әсіресе таңғы уақытта ойдай уақытымызды алады дейді жұмысына асыққандар.

 

Осыған байланысты кейбірі жасыл түстің жанғанын күтпей жолдан жүгіріп өтуді әдетке айналдырған. Ал мұның арты оқыс оқиғаға алып келуі мүмкін. Осы көшеден жиі өтетін жаяу жүргіншілер не дейді? 

 

БЛИЦ:

 

- Алдыңғы жолы 5 минут бойы жасыл жанбай тұрды. Содан кейін машина азайған кезде жүгіріп өттім асығып бара жатқан соң.

 

- Көлік көптіктен деп ойлаймын. Өйткені осы жерде пробка көп болады. Сондықтан жасыл түс көп жанбайды деп ойлаймын.

 

- Ұзақ күткенім бір 4 минут болған шығар. Бағдаршамды күтпей жүгіріп өткен кезіңіз болды ма?

 

- Болды.

 

Мұндай жағдай басқа көшелерде де байқалады. Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарын тұрақ еткендер көп.

 

Арман Әбілқасымов, қалалық полиция департаменті басқармасының аға инспекторы:

 

- Елордадағы көлік компаниясының бағдарды жоспарлау және жүру кестесін құру менеджері Альмира Ажғалиева былай дейді.

 

Альмира Ажғалиева, көлік компаниясының бағдарды жоспарлау менеджері:

 

- Кей кездерде жаяу жүргіншілер бағдаршамда жасыл түсті тосып тұрған кезде ұзақ уақыт тосып қалу жағдайлары кездесіп тұрады. Бұл жаңағы айтып кеткен интеллектуалды көлік жүйесінің көлік құралдарына басымдық беру жағдайларына байланысты болады.

 

Ал кейбір көше қиылыстарында бағдаршамның солға бұрылуға берілетін уақыты тым қысқа дейді көлік жүргізушілері. Мұны көлік компаниясындағылар былай түсіндірді.

 

Роман Чмир, көлік компаниясының қызметкері:

 

- Делается либо больше зеленых, либо меньше.

 

Бағдаршамның жасыл түсі кейбір көше қиылыстарында ұзақ немесе қысқа уақыт жанады. Бұл жүйе жолдағы көлік саны мен олардың жылдамдығын ескеріп жасалған.

 

Мәселен, белгілі бір көшеде асығып бара жатқан жедел жәрдем көлігінің немесе өрт сөндіру техникасының бағытын ескереміз. 4 реанимобильді осы жүйеге қостық. Келер жылы тағы 8-і қосылады. Арнайы трекер арқылы олардың жүретін көшелерін алдын ала анықтап, бағдаршамның жасыл түсін әдеттегіден ұзақ жағамыз. Осы арқылы жол уақыты 30 процентке қысқарды. Көлік апаты да азайды.

 

Еске сала кеткен жөн, қалада ақылды бағдаршамдар 2014 жылы пайда болды. Алғашында 42 құрылғы қондырылды. Қазіргі таңда апта сайын 1-2 бағдаршамнан орнатылады. 2024 жылға дейін тағы 250-ден астам бағдаршам қондыру көзделген.

 

 

 

 

24.kz




Көрілген: 377    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.10.2021, 17:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31