Мәселе

Әл-Фараби даңғылындағы көліктердің жай жүруі ауаны ластайды - сарапшы

  • © Almaty.tv

    © Almaty.tv

Шығыс айналма жолы, әл-Фараби даңғылы мен Сайын көшесіндегі жылдамдықты өзгерту керек. Көлік тізгіншілерінің көбі осындай пікірде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Айтуларынша діттеген жерге ұзақ жетеміз оның үстіне кептелісте көп кідіреміз дейді.


«Демалыс күндері көлік аз, бірақ 60 жылдамдықпен жүресің. Жалғыз мен ғана емес, елдің бәрі солай дейді. Өте ыңғайсыз», – дейді бір тұрғын.


«Негізінде жылдамдықтың 80 болғаны дұрыс қой. Жететін жеріңе тез барасың», – дейді келесі тұрғын.


Көлік саласының сарапшылары да жүргізушілермен келісіп отыр. Темір тұлпар жай жүргеннен керісінше ауа ластанады дегенді алға тартады олар.


«Әл-фараби даңғылы мен Сайын көшесінде ұзақ жүретін болсақ, көліктен шығатын зиянды заттар да көп болады. Бұл, бір. Екінші мәселе жүк тасушы көліктердің уақыты ақша тұрады. Егер 5-7 минут ұзақ жүрсеңіз, ол экономикаға әсерін тигізеді. Сондықтан жылдамдықты шектеу мәселесінде ойланған дұрыс», – деді Тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы Эдуард ЭДОКОВ.


 




Көрілген: 373    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.07.2019, 09:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31