Мәселе

"Әлі жүрсіңдер ме?": Жедел жәрдем дәрігерлерінің әрекеті халықтың ашуын келтірді

  • "Әлі жүрсіңдер ме?": Жедел жәрдем дәрігерлерінің әрекеті халықтың ашуын келтірді

Төтенше жағдайдың куәгері дәрігерлердің шықпағанын байқаған соң жедел жәрдем қызметіне өзі жүгіріп жеткен

Маңғыстау облысында жедел жәрдем қызметінің шақыртуға асықпауы желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

Келеңсіздік Мұнайлы ауданында болған. Электр сымдарын жөндемек болған жұмысшы биіктіктен құлап кеткен. Алғашқы медициналық көмек орталығы оқиға болған жерден шамамен 1 шақырым қашықтықта отырады, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Төтенше жағдайдың куәгері дәрігерлердің шықпағанын байқаған соң өзі жүгіріп жеткен. Шақырту түскелі 10 минут өтсе де, алғашқы көмекке асыққан жан көрінбейді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жағдайдан хабардар. Қазір арнайы қызметтік тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқандарын айтты.

"Жедел жәрдем станциясының басшысы немесе сол күні кезекшілікте болған медицина қызметкерлері жауапкершілікке тартыла ма, жоқ па, қызметтік тексеру кезінде белгілі болады. Олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбол Оқуов.

sputnik.kz




Көрілген: 718    Пікірлер: 0

жұма, 30.04.2021, 10:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30