Мәселе

«Алатаудай арқасүйер ағам бар»: Болат Назарбаев Елбасыға арнап ән шығарды (ВИДЕО)

  • «Алатаудай арқасүйер ағам бар»: Болат Назарбаев Елбасыға арнап ән шығарды (ВИДЕО)

    «Алатаудай арқасүйер ағам бар»: Болат Назарбаев Елбасыға арнап ән шығарды (ВИДЕО)

Осы ән арқылы ол ағасына деген құрметін, сүйіспеншілігін жеткізгісі келген.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев ағасына арнап ән жаздырды. Бұл туралы халық әртісі Мақпал Жүнісова өзінің Instagram парақшасында хабарлап, аталған әннің видеосын жария етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кеше, 1 желтоқсанда еліміз Қазақстанның Тұңғыш президенті күнін атап өтті. Бұл мереке қарсаңында Елбасының інісі ағасына арнайы ән жаздырды. "Аға, сенсің Алатауым" деп аталатын әннің видеосын халық әртісі Мақпал Жүнісова өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жария еткен.

Видеоға назар салсақ, онда Елбасының отбасылық суреттері мен жас күніндегі фотоархивтері көрсетілген. Осы ән арқылы ол ағасына деген құрметін, сүйіспеншілігін жеткізгісі келген.

"Ағасына інісі арнайы ән жаздыртып айтқаны өте жарасымды, бүгін мереке екенін ұмытып кетіппіз жолда жүргесін. Тұңғыштың аты тұңғыш әрине. Бұл да - тарих, ел іргесі бүтін болып, ешқашан соғыс болмасыншы деп тілеймін", - деп жазған Мақпал Жүнісова.

Оның бұл видеосына желідегі оқырмандары да пікірлерін қалдырып, жылы лебіздерін білдірді. "Иә, ел іргесі аман - тыныштық заман бола берсін", "Әмин, тек тыныштық болып, еліміз аман болсын", "Жылап қалдым ғой", - деп жазды олар.




Көрілген: 2208    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.12.2021, 15:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31