Мәселе

Алаяқтардан сақтаныңыз! Гаджеттеріңізге AnyDesk қосымшасын орнатпаңыз

  • https://kursiv.kz/

    https://kursiv.kz/

Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов өзінің Facebook парақшасында алаяқтықтың жаңа түрі туралы айтты.

 

Ол қазақстандықтарды ұялы телефонына AnyDesk қосымшасын орнатпауға шақырды.

 

Әбдірахмановтың сөзінше, оңтүстік астанада қашықтан қол жеткізуге арналған AnyDesk мобильді қосымшасын пайдаланып, интернет арқылы алаяқтық жасайтындар жиілеп кеткен.

 

Полицей алаяқтар қолданатын схеманы да айтып берді.

 

"Сіздің ұялы телефоныңызға белгісіз нөмірден хабарласып, өзін қандай да бір банктің қызметкері ретінде таныстырады. Содан кейін сізе телефоныңызда вирус бар екенін және сіздің картаңыздағы ақшаңызға қауіп төніп тұрғанын, мұны тек AnyDesk қосымшасын орнатып түзетуге болатынын айтады", - деп жазды Әбдірахманов.

 

Оның сөзінше, қосымшаны орнатқаннан кейін алаяқтар телефонға толық қолжеткізіп, құрбанының атынан несие рәсімдейді. Сөйтіп ақшаны өзінің шотына аударып алады.

 

"Алаяқтардың айласына түсіп қалмаңыздар! Гаджеттеріңізге AnyDesk қосымшасын орнатпаңыздар", - дейді Әбдірахманов.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін алаяқтар алматылық әйелдің атынан үш банктен 5,5 млн теңгеге несие рәсімдегенін жазған едік.

 

Оның сөзінше, өзін банктің қызметкері ретінде таныстырған адам жәбірленушіні телефонына құрылғыға қашықтықтан қол жеткізуге арналған қосымша орнатуға көндірген.

 

Осылайша, алаяқтар әйелдің атынан үш банктен 5,5 млн теңгеге несие рәсімдеп жіберген.

 

 




Көрілген: 457    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 18:24

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31