Мәселе

Алаяқтардың алған кредитін төлеу шарт емес - Заңгер

  • https://total.kz/

    https://total.kz/

Қазақстанда киберқылмыс жасайтындар саны жиілеп барады. Ішкі істер министрлігі интернет алаяқтарына тұсау сала алар емес. Өткен жылы осындай 14 мың қылмыс жасалса, биылғы қаңтар айының өзінде 1 700-ден асып түскен.

 

Бұл тек құзырлы орган өкілдеріне шағымданғандары ғана. Айлакерлердің құрығына түскендердің арасында, онлайн-несие құрбандары да бар.

 

 Былтыр анықталған интернет алаяқтарының ең көбі: ғаламтор арқылы сауда жасап, соңы дымсыз қалғандар. Бұндай азаматтардың саны - 5500.

 

Ал, 3 мың алаяқ әркімнің жеке деректерін пайдалана отырып, онлайн-кредит рәсімдеген.

 

Сондай-ақ 2000-дай адам карта және шот номерлерін беріп ақшасынан айырылыпты.

 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тіркелген қылмыстық істердің 10 пайыздан астамы осы алаяқтыққа тиесілі. Тіпті онлайн-кредит рәсімдегендері де табылған.   

 

Қанат НҰРМАҒАМБЕТОВ, ҚР ІІМ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

- Шымкент қаласының тұрғыны әлеуметтік желілерде жарияланған "құжат табылды" деген хабарландыруларды іздеген. Сөйтіп, жеке куәліктің суреттерінен тиісті мәліметтерді алып, әр облыс тұрғындарының атына 50-ге тарта онлайн несие рәсімдеген.

 

Алаяқтар көбіне онлайн микрокредиттік ұйымдар арқылы несие рәсімдейтін көрінеді. Себебі, мұнда жеке басты куәландарытан құжаттың көшірмесі де жеткілікті, дейді заңгер.

 

Тіпті, пайдасын ойлайтын компаниялар өтініш берушіге бейне бақылау жүргізбейді екен.

 

Бұдан бөлек заңгерлер, тұрғындар ғаламтор әккілеріне өздерін ұстап беретінін жеткізді. Яғни бұлар әлеуметтік желілер арқылы жеке деректерін жариялантындар.

 

Аржан САДУАҚАСОВ, ЗАҢГЕР:

 

- Таныс емес адамдарға немесе бір сайттарға кірген кезде ИИН-дарын сұрайды немесе төлқұжаттарының ақпараттарын сұрайды. Соларды көрсетпеуі керек, оны тек қана мемлекеттік органдар немесе 2 сатыдағы банктерде де өзіңіз барып, жеке өзіңіз көріп сол адамға бере аласыз. Басқа ешқандай түрде интернет желісінде өзіңіздің жеке ақпараттарыңызды қалдыруға тыйым салынады.

 

Интернет алаяқтарының алған несиесін жәбірленушінің төлеуі шарт емес. Ол үшін азамат қарыз алмағандығын дәлелдеу керек. Бірақ бұл процесс біршама уақыт пен жүйкені талап етеді, дейді қаржыгер. 

 

Десе де мұны қиынсынып біреудің кредитін жауып жүргендер көп-ақ екен . Маман оның да несие тарихына әсер ететінін айтып отыр.

 

Аржан САДУАҚАСОВ, ЗАҢГЕР:

 

- Оны сотқа беріп, почерковедческая экспертиза дейді. Жаңағы қол қойған тағы да басқа таңдаларды зерттеу арқылы дәлелдей алады ол іс емес екендігіңізді. Бірақ мұның барлығы уақыт алады және де белгілі қаражатты жұмсайсыздар.

 

Қазақстандағы екінші сатылы банктерге бармай-ақ онлайн несие рәсімдеуге болады. Қауіпсіздік шаралары барынша қарастырылған, яғни алаяқтарға жол бермеу үшін банкте арнайы қызмет ашылған.

 

Досбол АРЫСТАНБЕКОВ, БАНКТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

 

- Алаяқтардың тарапынан осы мүмкіндікті қолдана ала ма? деген сұрақ туындаса онда банктің тарапынан міндетті түрде бейне растау өткеннен кейін алаяқтар бұл мүмкіндікті қолдана алмайды. Яғни өзгелердің тарапынан кредит ала алмайды. Банктің мобильді қосымшасында қашықтан ұсынатын қызметтердің барлығы клиенттің жеке жауапкершілігінде.

 

Айта кетсем, ғаламтор арқылы алаяқтық жасағандар екі бірдей баппен жауапқа тартылуы ықтимал. Яғни жалған құжат дайындап, соны алаяқтыққа қолдану.

 

Егер күдіктінің ісі дәлелденсе, 5 жылға сотталауы мүмкін.

 

Бірақ, айлакерлердің құрбаны болмау үшін әрбір тұлға цифрлық ақпаратқа сауатты болуы керек.

 

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 2231    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.02.2021, 21:10

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30