Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алаяқтарға тоқтам болмай тұр

15 қаңтар 2011, 14:39

«Өмірімде бір де бір рет алаяққа алданып көрмеппін» дейтін адам жоқ шығар, сірә бұ дүниеде. Жалғанды жалпағынан басып, алаяқтар барған сайын күшейе түскен мына заманда ол да бір заңды құбылыс дерсің. Біреудікі ұсақ, біреудікі ірі, әйтеуір сан соқтырып кететіндерден сақтандырылған ешкім жоқ. Оның үстіне, құқық қорғау органдарының да алаяқтарға қарсы күресі, шыны керек, көп жағдайда күйреп жатады. Ең абзалы – адамдардың өздерінің абай болғандары.
Бізбен арнайы кездесіп, «бір көме­гі­міз­ден» үмітті Жанат Орысбаеваның да (оның өті­нішімен аты-жөнін өзгертіп беріп отыр­мыз, авт.) жұртшылыққа айтар ақылы осы. Негізі, бұл жайында біздің газет там-тұмдап жазған. Сол кезде біз оның құқық қорғау органына енді арызданғанын жазған едік. Ат басын бұрған себебіміз, Ж.Орыс­баева осы істің әлі де болса бір орын­нан тапжылмауына ренжулі.
Естеріңізге сала кетейік, жалғызбасты Жа­нат Орысбаева үш баланың анасы. Бұ­рын­дары Алматы қаласында екі бөлмелі пә­тері болған. Үш баламен екі бөлме, әрине, аз­дау. Бір құрбысының банкте кепілде тұрған баспананы арзан бағаға алып беретін танысы бар екендігін құлағы шалып қалып, тәуекелге бел буған Ж. Орысбаеваның, міне, бі­реудің үйін паналап жүргеніне екінші жылға жуықтап барады.
Осы тұста айта кетейік, заңға сәйкес, бо­рышкер кепiлге қойылған мүлiгін соттан тыс сату тәртібі бұзылған жағдайда сотқа жү­гінуге және оны заңсыз деп тануға құ­қы­лы яғни, банктің кепілге қойылған мү­лік­ті сауда-саттыққа өткізбей, өз жекемен­ші­гіне айналдыруға құқығы жоқ. Кепілге қо­йылған мүлікті сот арқылы сату тәр­тібі Ко­декстің 319-бабымен және «Ипо­тека ту­ралы» Заңның 21-бабымен бел­гі­лен­ген.
Қысқаша баяндай кетсек, Ж.Орысбаева әлгі құрбысы арқылы танысқан азаматтарға екі бөлмелі пәтерін сатып, үш бөлмелісін алармын деген оймен 45 мың АҚШ долларын санап береді. Қолхатты нотариус ар­қылы рәсімдемек болған екен, онда­ғы­лар ақшаны алатын екінші жақ не ақшалай, не заттай кепіл қойса ғана қолхатты заң­дас­тыратындарын мәлімдеген. Басқа жағ­дай­да екі жақ қол қойған қолхат рә­сім­дел­мейді. Иә, таңданысыңды жасыра ал­май­сың мұндайда, бірақ бізде заң сондай. Бұл 2009 жылдың шілде айы болатын.
Уәдені үйіп-төккендер алғашында әне-мі­не деп жүріп, кейіннен ізім-қайым жо­ға­ла­ды. Енді ақшасын қайтарып алудан күдерін үзе бастаған Ж.Орысбаева амал жоқ, тәртіп сақшыларына ша­ғым­да­на­ды. Алайда бір істің үш бірдей тер­геу­ші­нің қолында қыдырыстап жүргендігіне қат­ты қын­­жылып отыр. «Тергеушілерге ал­дап кет­к­ендердің аты-жөндерін, ұялы те­лефондарының нөмірлерін арызымда жа­зып көрсеткенмін, олардың бітіп бол­май­тын «ертеңі» мені алдап-соққандардың із­­дерін суытып кетулеріне мүмкіндік беріп қой­май ма?» деген күдігіне қосылмасқа ама­лың қане?
Жәбірленуші айтқандай, қазір бұл іс­пен үшінші тергеуші айналысуда, яғни Ал­маты қалалық ІІД-нің Алмалы ауданы бо­йынша ІІБ тергеушісі Нұрғиса Мыр­за­құ­лов. Оның өзімен тілдесудің мүмкіндігі бол­мады. Сол себепті баспасөз қыз­мет­кер­ле­рінің көмектеріне жүгінуге тура келді. Ал Ал­маты қалалық ІІД-нің баспасөз қыз­ме­ті­нің қызметкері Арман Жусанбай:
– Бұл іс бойынша күдіктілер бар. Олар – екеу. Алайда мекенжайлары белгісіз болғандықтан олардан жауап алу мүмкін болмай отыр. Қазіргі кезде қылмыстық із­дестіру қызметкерлері іздестіру амал­дарын жүр­гізіп жатыр, – деп атап өтті.
Иә, үш бірдей тергеуші ауысып, олар­дың бір жарым жылдан бері күдіктілердің мекенжайларын анықтай алмаулары біз­ге де түсініксіздеу. Оның үстіне, Ж.Орыс­­бае­ваның айтуына қарағанда, олардың ұялы те­лефон нөмірлері өзгер­меген. Оған Ж.Орысбаеваның дәйекті дә­лелі бар.
Тәртіп сақшыларының істі неге осын­ша созбақтайтындарында қандай кілти­пан бар, ол жағы белгісіз. Бір анығы, қыл­­мыс­кер­лерге ең керегі – осы. Кейбір алаяқ­тар­дың ал­шаң басып, асықтарының ал­шы­сы­нан түсулері – ертеңгі күні қыл­мыс­тары әш­­ке­ре­леніп жатса да мұртын бал­та шап­пай­тынын білетіндігі. Мұн­дай­ларды да естіп-кө­ріп жүрміз ғой. «Үмітсіз шай­тан», Ж.Орыс­баева алғашқы екі тер­геу­шіге қалай сен­се, Н.Мырзақұловқа да со­лай се­ніп отыр.
Бұрындары алаяқтық ұғымы «алик-малик-шарик» ойындарымен ғана өл­ше­нуші еді, қазір айлакерлердің аран­дары ашыл­ған, ірі істермен іліктес. Бірі жерге же­рік, екіншісі үйіңмен қоса үптесе, кей­бі­­реу­лері үшін қырық құлыпты банк­те­ріңнің өзі түк емес. Осы тұста айта кетейік, ал­­­да­нып қалған үлескерлерге қатысты іс­тердің бар­лығы ҚР ҚК 114-бабына, яғ­ни алаяқ­тыққа жатқызылған. Қазір «ға­лам­­тор алаяқ­­тары» деген пайда бол­ды. Құ­қық қор­­ғау органдарының ға­лам­тор алаяқ­­та­ры­нан, жалпы алаяқтардан сақ болуды жиі ес­кертулері жайдан-жай емес.

Тақырыпқа тұздық
ҚР ІІМ мәліметіне жүгінсек, 2010 жылдың тоғыз айында республикада алаяқтық бойынша 5269 қылмыстық іс тіркелген екен. Бұл 2009 жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 10 пайызға артқан.