Мәселе

Алексей Цой Қазақстанда коронавирус өсімі 35 пайызға төмендегенін мәлімдеді

  • Алексей Цой Қазақстанда коронавирус өсімі 35 пайызға төмендегенін мәлімдеді

    Алексей Цой Қазақстанда коронавирус өсімі 35 пайызға төмендегенін мәлімдеді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда соңғы екі аптада аурушаңдық өсімі 35 пайызға төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша, соңғы екі аптада Қазақстанда ауру жұқтырғандар өсімі 35%-ға төмендеді. Ал соңғы аптада аурушаңдық деңгейі 14%-ке, аптасына 31 мыңнан 25 мың адамға дейін азайған.

 
"ДДСҰ бағалауынша, республикада репродуктивті сан соңғы төрт апта бойы төмен, бұл пандемия бақылауда екенін көрсетеді және ауру жұқтыру деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді", - деді Цой үкімет отырысында.

Ол эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында да оң динамика байқалып отырғанын атап өтті.

Министрдің мәліметінше, соңғы екі аптада 5 өңір "қызыл" аймақтан "сарыға" ауысқан: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта Түркістан облысы ғана тұр. Қалған 11 өңір "қызыл" аймақта.

Цой эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты өңірлерде инфекциялық төсек-орындарды азайту жұмысы жүріп жатқанын мәлімдеді. Төсек-орын қоры барлығы 12 211 төсекке қысқарған.

"Халықты вакцинациялау жалғасып жатыр. Бүгінде 1-компонентпен 7,1 млн-нан астам екпе алды. Бұл екпемен қамтылуы тиіс халықтың 71,5 пайызын құрайды. 2-компонент 5,9 млн-нан астам адамға салынып, қамту көрсеткіші 60 пайызға жуықтады. Өңірлер вакцинаның жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген. Вакцина жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр", - деді ол.




Көрілген: 388    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 10:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31