Мәселе

Әлемде жыл соңына дейін 340 млн жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін

  • Әлемде жыл соңына дейін 340 млн жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін

    Әлемде жыл соңына дейін 340 млн жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Биылғы жылдың соңына қарай әлемде 140 миллиондай адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Ал коронавирустың екінші толқыны болса, бұл көрсеткіш 340 миллионға жетуі ықтимал. Бұл туралы Халықаралық еңбек ұйымы мәлімдеді.


Ұйымның дерегінше, пандемия салдарынан биылғы жылдың екінші тоқсанында 400 миллион адам жұмысынан айырылған. Жұмыссыздық зардабын әсіресе әйел адамдар тартуы мүмкін дейді мамандар.


Вирустың таралуына тосқауыл қоя алмай отырған елдердегі ахуалды көріп отырмыз. Жұмыссыздар саны артты, кіріс көлемі азайды. Әрине, әр елде жағдай әртүрлі. Бірақ барлық мемлекет экономикалық тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да қиын кезеңге тап болды. Індеттің кесірінен әсіресе дамушы елдер қатты зардап шекті, - деді халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Гай Райдер.

Пандемия кесірінен Францияның Airbus компаниясы 15 мың қызметкерді жұмыстан шығармақ. Алдын ала мәліметке қарағанда Германияда - 6 мың, Францияда – 5 мың, ал Ұлыбританияда 1700 орын қысқарады. Компания басшылығының мәлімдеуінше, штат санын азайту тығырықтан шығудың жалғыз амалы.

 

BAQ.KZ




Көрілген: 346    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.07.2020, 08:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31