Мәселе

Әлемдік үкімет: ақиқат пен аңыз

  • Әлемдік үкімет: ақиқат пен аңыз

    Әлемдік үкімет: ақиқат пен аңыз

Интернетте бүкіл әлемді билегісі келетін жасырын алпауыттар тобы бар екен, олар осы мақсаттарын жүзеге асыру үшін саясаткерлерді, ақпарат құралдары өкілдерін сатып алып, өз мүдделеріне қызмет еткізеді екен деген алыпқашты әңгімелер айтылып жүр. Қазір барша әлемді қамтыған короновирус дертін ұйымдастырған да, сол арқылы өз биліктерін орнатқысы келіп жүргендер де, сол ат төбеліндей алпауыттар көрінеді деген ақпараттар бар. Бұл қаншалықты шындыққа жанасымды? Осы мәселеге қолдағы бар деректер мен қисынға сүйеніп талдау жасап көрелік.

 

Тойымды білмейтін пенделер

Ескендір Зұлқарнайын туралы ел арасында айтылып жүрген мынадай аңыз әңгіме бар. Жарты әлемді жаулап алған Ескендір патша бір қаланы келіп қоршайды. Бірақ бекінісі мықты қала қанша шабуылдаса да еш алдырмайды. Содан күндердің бір күні қала қорғанынан лақтырылған теріге оралған зат түседі. Бұл не деп ашып қараса, алақандай ғана сүйек екен.

Мынаны көрген жихангер патша мені итке теңеп, сүйек тастағандары ма деп одан сайын ашуланады. Бұл сүйектің тылсым сыры бар екенін ұққан патшаның ұстазы данышпан Аристотель таразы алдырып, сүйекті бір жағына салып, екінші жағына алтын-күміс теңгелерді салдырады. Алтынды қанша салса да, сүйек ауыр болып шығады. Содан кейін қару-жарақ салынады. Бірақ қанша қару-жарақ, алтын-күміс теңге салынғанымен, алақандай сүйек бәрін басып кетеді.

Мынаны көрген Ескендір патша аң-таң қалады. Сол кезде Аристотель барлық асыл заттарды алып тастап, таразының екінші басына бір уыс топырақ салады. Топырақ сүйекті басып кетіпті. Осының себебін сұраған патшаға данышпан: «Бұл адамның көз сүйегі, адамнің көзі ешқашан байлыққа тоймайды, тек көзіне көр топырақ құйылғанда ғана тояды» деген екен.

Бұдан не түйіндеуге болады? Яғни, адам атты екі аяқты пенде ешқандай да байлыққа ешқашан тоймайды. Байлық, мансап, атақ деген фәни жалғанның игіліктеріне пенде көзіне көр топырақ құйылғанда ғана тоймақ. Бұл ешкім, ешқашан теріске шығара алмайтын ақиқат шындық.

Осы ақиқат өлшемімен алғанда, қазіргі күні әлемнің бар байлығының 80 пайызын қолында ұстап отырған ат төбеліндей аз алпауыттар да қолдарындағы байлықтарын азсынып және енді оған қоса, барша әлемді билейтін билікті де қолдарына алғысы келетіні заңды құбылыс. Қазақ «жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды» дейді. Яғни, әлемді билегісі келетін алпауыттардың барлығы жалған болса, бұндай әңгіме ешқашан да шықпас еді.

 

Әлемді билеуге талпыныс

Барша әлемді жаулап алып, жер шарының билеушісі болуды армандаған әміршілер аз болмаған. Ескендір патшадан бастап, жарты әлемді жаулап алған Шыңғыс хан, Ақсақ Темір, кешегі өткен Напалеон, Гитлер – бәрі де әлемнің әміршісі болуды армандаған адамдар. Дегенмен де, олардың ешқайссы арман-мақсаттарына толық жете алмады.

Капиталистік қоғамның дамуымен бірге, орасан зор байлық жеке адамдардың қолына жинақталды. Алдымен миллионер, кейінірек миллиардер деген аты бар, қыруар байлыққа ие пенделер шықты. Ақша билеген нарық қоғамында ақшаға бәрін де, оның ішінде билік басындағы саясаткерлерді де сатып алуға болатын еді. Сондықтан, қалталы алпауыттар байлықтарын пайдаланып, енді сол байлығын баянды ету үшін және байлығына байлық қосу мақсатында билікке ұмтылды.

Әрине, алпауыт қалталылар билікке тікелей келіп, елді басқаруға қатысқан жоқ, дегенмен, ақшасы арқылы билік басындағыларды сатып алып, өз мүдделеріне қызмет еткізді. Тіпті, АҚШ сияқты дамыған елдерде осындай істі заңдастырған лоббилік деп аталатын заңдар шықты. Осыған орай, қалталылардың өз мүдделерін қорғайтын сатып алған депутаттары, басқа да саяси қызмет атқаратын лауазым иелері болды.

Лоббилік қызмет дами келе, мемлекетті басқарып отырған басшыларды сатып алу, оларды өз мүдделеріне қызмет еткізу әрекеттері де жүргізіле бастады. Лоббилік қызмет дегенмен, жария түрде емес, астыртын жүргізілді. Нарықтық қоғам дамыған сайын, қалталы алпауыттардың бизнесі бір ел ауқымынан шығып, бірнеше, тіпті ондағын елдерге таралды. Енді капиталист лоббилікті бір ел ауқымна емес, көптеген елдердің шегінде жүргізуге мүдделі болды және олар бұны түрлі тәсілдермен шебер атқара да алды.

Осылайша, көптеген мемлекеттердің ауқымында жұмыс істейтін трансұлттық алып корпорациялар туды және олар саясаткерлерді сатып алу арқылы өз мүдделерін әлемнің көп елдерінде жүргізді. Бұның өзі ат төбеліндей аз алпауыттың қолына әлемнің орасан зор байлығының жинақталуына мүмкіндік жасады. Ендігі арада алпауыттарға сол байлықты сақтап және көбейту мақсатын орындау үшін барша әлемге билік жүргізетін құзырет қажет болды.

Міне, осылайша, әлемдік үкімет идеясы қалыптасты. Оны қанша жасырын ұстағанмен, бәрібір ара-тұра алпауыттардың мүдделерін орындаған саясаткерлердің заңды белден басқан әрекеттері анық көрсетіп отырды. 2001 жылғы АҚШ-та орын алған лаңкестік оқиғаны осындай мүдде қажеттігінен туған жай деп санауға болады. Қарапайым лаңкестік ұйымның қолынан жүз жылда да келмейтін ақылға сиымсыз бұндай лаңкестік шабуылдың сыртында қалталы алпауыттар мүддесі тұрғандығы анық еді. Одан кейінгі оқиғалар осыны анық дәлелдеп берді. Халықаралық терроризммен күрес дегенді желеу еткен АҚШ пен Батыс елдері Ирактың билігін құлатып, мұнайлы мемлекет сол елдердің мүддесіне қызмет етуге көшті.

Одан кейінгі Сириядағы, Ливиядағы оқиғаларда да әлемдік билікке ұмтылған алпауыттардың ұйымдастыруымен болғандығын дәлелдейтін жайлар көп. Міне, енді короновирус дерті деген шығып, барша әлем елдері карантинге көшті. Бұның астарында не жатқандығы, алпауыттар бұдан қандай пайда табатыны, алдағы уақытта белгілі болмақ.

 

 

akikat01.com




Көрілген: 473    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.05.2020, 22:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30