Мәселе

Әлеуметтік желіде сайлауға қатысты сауалнама жүргізгендер жазаланды

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Алматы қаласы мен Алматы облысының екі тұрғыны әлеуметтік желілерде сайлауға қатысты сауалнама жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Қазақстанның Бас прокуратурасы ел президентінің кезектен тыс сайлауы барысында заңды бұзбауды, оның ішінде Конституцияның "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңында көзделген қоғамдық пікірге сауал салу шарттарының сақталуын ерекше бақылауда ұстайды", - делінген ресми хабарламада.


Интернетте осы заңның талаптары бұзылғаны тіркелді. Атап айтқанда, Nur.kz интернет ресурсының меншік иесі Орталық сайлау комиссиясына ескертпей сауалнама жүргізді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде де осындай сауалнамалар жүргізіліпті. Осы деректер бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Мәселен, "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде сайлау аясында қоғамдық пікірге сауалнама жүргізген Алматы қаласының тұрғыны жауапқа тартылды. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 120-бабы, 3-тармағына сәйкес 15 АЕК (37 875 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сол сияқты Facebook желісінде жасалған құқық бұзушылық үшін Алматы облысының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


"Бас прокуратура азаматтарға сайлау процесі барысында заңды сақтау қажеттігін және сайлауға байланысты сауалнама жүргізу шарттарын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын еске салады. Бұл ретте азаматтарға мұқият болып, әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын басқа біреулердің пайдалануына жол бермеуі қажет", - дейді прокурорлар.


 


 




Көрілген: 402    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.05.2019, 16:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30