Мәселе

Әлеуметтік желілерде жалған валюта сатылып жатыр - Stopfake

  • Әлеуметтік желілерде жалған валюта сатылып жатыр - Stopfake

    Әлеуметтік желілерде жалған валюта сатылып жатыр - Stopfake

Instagram әлеуметтік желісінде жалған доллар, рубль, еуро және гривна ұсынатын аккаунттар табылды. Жалған ақша жасаушылардың айтуынша, бұл жалған ақшаны нағыз купюрадан айыру мүмкін емес. Оларды терминалдар мен банкоматтар қабылдайды.

Жалған ақшаны сату жарнамасы басқа платформаларда да кездеседі. Жалған ақша жасаушылар өз қызметтерін негізінен Ресей мен Украинада ұсынады.

Жалған купюралар «бір жерге қою» әдісімен сатылады &ndash оларды белгілі бір жерде жасырады және Сатып алушыға белгіленген жердің картасын жібереді. Кейбір жағдайларда «ақшаны» поштамен жібереді.
«Настоящее время» басылымының журналистері Instagram-дағы парақшасында мұндай сату схемасы іс жүзінде қалай жүзеге асырылатынын тексеріп көрген. Алайда, тілші жалған ақша жасаушыларға ақша мен аударымды растайтын чекті жібергеннен кейін, сатушы ықтимал сатып алушыны бұғаттап, бүкіл жазбаны өшіріп тастады.
Қазақстанда ҚР ҚК 231-бабына сәйкес, жалған ақша немесе бағалы қағаздар дайындау, сақтау, ауыстыру немесе өткізу үшін бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Егер әлеуметтік желілерден осындай жарнаманы көрсеңіз, сілтемелер бойынша өтпеңіз және авторлармен байланысқа шықпаңыз.

stopfake.kz




Көрілген: 1493    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.01.2021, 09:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31