Мәселе

Әлеуметтік көмек үшін ажырасуды болдырмау мақсатында заң жобасына түзетулер әзірленді

  • http://prosud24.ru

    http://prosud24.ru

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған ажырасу фактілерін болдырмауға көмектесетін түзетулер әзірледі. Бұл жоба «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлайды stan.kz/ тілшісі.


Осы құжатқа сәйкес, алимент туралы мәліметтерде АӘК тағайындау кезінде борышкердің пайдасына жұмыс берушілердің әлеуметтік төлемдері көрсетілуі тиіс. Осы ретте деректер орталықтандырылған базада орналасуы қажет. Сондай-ақ, егер борышкер бизнесмен болса кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыстары да көрсетіледі.


«Алимент төлеу туралы келісім болған жағдайда, кәмелетке толмаған балаға алимент мөлшері бұған дейін сот тәртібімен өндіріп алу кезіндегі алимент мөлшерінен төмен болмайды» , – делінген заң жобасында.


Бұдан бөлек, ажырасқан отбасылардың алған алимент туралы құжаттары болуы тиіс. Онда нақты сома көрсетілуі қажет және нотариалды расталуы тиіс.


Құжаттар тізбесіне кіреді:


• Балаға тиесілі алименттерді алу үшін нысаналы шотты ашу туралы банктен анықтама;


• Некені бұзу туралы соттың күшіне енген шешімінің болуы туралы анықтама және алимент өндіріп алу туралы сот актісі;


• Нақты соманы, сондай-ақ қаражатты төлеу тәртібін көздейтін жазбаша нысанда жасалған және нотариалды куәландырылған алимент төлеу туралы келісімнің болуы туралы анықтама;


• Егер борышкердің орналасқан жерін үш және одан да көп ай ішінде анықтау мүмкін болмаса, оның алимент бойынша іздестіруде екені туралы анықтама. Егер алимент алушы түрмеде немесе мәжбүрлеп емдеуде болса, онда ол туралы да анықтама беру қажет.


Жоғарыда көрсетілген барлық мәлімет жергілікті атқарушы органдар тексере алатын базаға енгізіледі.


Артық төленген немесе негізсіз төленген сомалар фактісі анықталған жағдайда уәкілетті орган АӘК алушыға ақшаны ерікті түрде қайтару туралы жазбаша хабарлама жібереді. Еңбек министрлігі бір ай өткен соң сотта ақша талап етуге құқылы деп жазды.


Түзету жобасы 26 маусымға дейін жария түрде талқылауға шығарылды. 




Көрілген: 729    Пікірлер: 0

жұма, 14.06.2019, 09:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 09:07
    2020 жыл. Нумеролог не дейді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31