Мәселе

"Алғабаста" қисайған үйдің тұрғындарына қанша ақша берілгені белгілі болды

  •  © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Алматының "Алғабас" ықшамауданында қисайған үйдің тұрғындарына қанша ақша берілгені белгілі болды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің  Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалхатына берген жауабында айтылады.

 

Әкімдіктің мәліметінще, 2019 жылдың желтоқсанында 72 отбасыға пәтер жалдау үшін 12,452 миллион теңге берілді. Ал қаңтарда оларға тағы 12,552 миллион теңге бөлінген.

 

"Алматы әкімдігінің тапсырмасы бойынша "Зерделі" ықшамауданындағы №179 тұрғын үйдің тұрғындарына өтемақы бере отырып, уақытша үш айға басқа үйге орнату туралы шешім қабылдады", - деді Алатау ауданы әкімінің орынбасары Жеңіс Садырханов.

 

Бірақ әкімдіктегілер редакцияның үйді қалпына келтіруге қанша қаражат жұмсалатыны туралы сұраққа жауап бермеді.

 

Еске салайық, былтыр желтоқсанда алматылықтар "Алғабаста" тұрғын үйдің қисайғанын хабарлаған еді. "Көрші үймен салыстырғанда біздің үй қисайып жатыр. Тұрғындар, көршілер барлығы шағымдана бастады. Есікті жабу да қиындап кетті. Кеше ТЖ қызметкерлерін, әкімдіктегілерді шақырдық, үйді қарап кетті", - деген еді тұрғындардың бірі.

 




Көрілген: 346    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.02.2020, 10:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31