Мәселе

Алимент төлемеген 119 әкенің мүлкі тәркіленді

  • https://turkystan.kz/

    https://turkystan.kz/

Қостанай облысының сот орындаушылары алимент төлемей жүрген 14 мыңнан астам адамды тіркеуге алды.

 

Облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Динара Сәрсебекова алимент төлемеген борышкерлердің берешегі 99 млн теңгеден асып кеткенін айтты.

 

Бүгінде алименттерді өндіріп алу туралы азаматтық-атқарушылық істердің 398-і жеке сот орындаушыларына жіберілді. Алименттен жалтарған тағы 3 әкенің ісімен мемлекеттік сот орындаушылары жұмыс істеп жатыр.

 

«Облыс бойынша ағымдағы жылдың екі айында 42 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың ісі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 669 бабымен қаралды. Заңға сәйкес кәмелетке толмаған балаларға төленетін алименттер көлемін сот орындаушысы жалақы мен өзге де кірістерді негізге ала отырып айқындайды. Егер адам осы кезеңде жұмыс істемесе, онда оның алимент төлеу сомасы Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы мөлшеріне негізделеді», &ndash дейді облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Динара Сәрсебекова.

 

Қостанай облысында 429 адам алимент төлеуден бас тартқан. Кейбіреуінің қарызы 3 миллион теңгеге жеткен. Сот орындаушылары балаға тиесілі қаражатты қайтару үшін әкімшілік істерді көбейтпек.

 

Жалпы Қостанайда 96 жеке, 17 мемлекеттік сот орындаушы жұмыс істейді. Олар полицейлермен бірлесе отырып түрлі рейдтік-шаралар өткізіп жтыр.

 

Айта кетейік, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР кодексінің Заңның 125-бабында атқарушылық құжатты орындамағаны үшін борышкер әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені жазылған.

 

2020 жылы жеке сот орындаушылары 167 борышкерді әкімшілік жауапқа тартты, нәтижесінде 119 әкенің мүлкі тәркіленген.

 

 

 

turkystan.kz




Көрілген: 1572    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.01.2021, 15:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31