Мәселе

Алимент төлеуден қашатын әке көбейді

  • Алимент төлеуден қашатын әке көбейді

    Алимент төлеуден қашатын әке көбейді

Қостанай облысында 14 мыңға жуық бала өздеріне тиіс алиментке қол жеткізе алмай жүр. «Қашқын әкелердің» қарызы 100 миллион теңгеге жуықтаған. 

 
24.kz сайтының мәліметіне қарағанда, бұл сома былтырғы кезеңмен салыстырғанда 25%-ке көп. Әсіресе, соңғы алты айда берешек көлемі қордалана түскен. 

Сот орындаушылар жағдайды пандемиямен байланыстырады. Борышкерлер «карантиндік шектеулер салдарынан жұмыссыз қалдық», деп алимент төлеуді кейінге ысырған. Ал 360 адам саналы түрде жалтарып жүр. Кейбірі жұмыс берушімен еңбек шартын жасамастан жалақыларын қолма-қол алып, табыстарын төмендетіп көрсеткен. 

 

Бірінші квартал бойынша 52 әкімшілік материал сотқа жіберілді. Соның ішінде 25-сі қаралып әкімшілік жауапқа тартылды. Қылмыстық жауапқа тарту үшін 11 құжат жіберілді. Соның біреуі сотта қаралуда - дейді облыстық жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Есенгелді Шодыров.


BAQ.KZ




Көрілген: 240    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.09.2020, 07:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31