Мәселе

Алимент төлеуден қашып жүргендерге мүмкіндік туды

  • Фото с сайт evroportal.ru

    Фото с сайт evroportal.ru

Алматыда 200-ден аса әке алимент төлеуден қашып жүр. Безбүйрек ерлердің баласының алдындағы қарызы 350 миллион теңгеге жеткен. Жұмыс жоқтығын сылтауратқан азаматтарға енді әділет департаменті мен жеке сот орындаушылар палатасы екі қолға бір күрек тауып беруге тағы кірісті.

 

йткені шаһардағы әкелердің бұрынғы отбасы алдындағы берешегі күн санап өсуде.

 

Руслан Тілеужанов, Алматы қаласының тұрғыны:

 

- Әйел аз төлеймін, жасырын жұмыс істеп жүр деп ойлап жүр. Менің ондайым жоқ. Бетім ашық. Айтқан. Шақырды. Мен келдім, жұмыс табуға. Қоймашы бар екен, менеджер бар. 

 

Бір ғана Алматының өзінде алимент төлейтін әкелер саны 12 мыңнан асқан. Бірі перзентінің алдындағы берешегін өтеп жатса, көбісі жалақысын жасырып қалуға тырысады.

 

Жауапсыз ерлердің борышын төлетуге мемлекет қолданбаған шара қалмаған. Әйтсе де ескертуді елемейтіндер көп жағдайда төлемнің уақтылы жасалмауын, жағдайының төмендігі және жұмыссыздықпен байланыстырады.

 

Енді «Жұмыс орындары жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, әділет басқармасы 15-тен аса компанияны аталмыш  шараға тарттып отыр. Әрқайсысында 50-ге жуық бос вакансия бар. Онда ер-азаматтар қолынан келетін жұмысқа орналастыра алады.

 

Абай Арап, Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы:

 

- Әрқайсысынан алатын болсаңыз, миллионның үстінде. Әр борышкердің, 200 адамның миллионның үстінде. Үш айдан артық төлемесе,оны проблемалық алиментке кіргізіп жатырмыз. Біреуде 2 миллион бар. Біреуде 3 миллион.  Екі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Он адамға қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Оның үстіне тағы алменттен жалтарып жүрген 25 адамға сондай шара дайындап жатырмыз.

 

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 463    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.06.2021, 09:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31