Мәселе

Әлия Назарбаева әкесі жайлы фильм туралы: оның жанын көруге мүмкіндік бар (видео)

  • https://www.instagram.com/aliya_nazarbayeva

    https://www.instagram.com/aliya_nazarbayeva

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаева "Штрихи к портрету" фильміне қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

"Жанұямызбен Елбасымыз туралы "Штрихи к портрету" деректі фильмінің үш сериясын көріп шықтық. Материал үшін фильмді жасаушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс айтамын және барлығын, әсіресе, жас ұрпақ өкілдерін, уақыт тауып, фильмді көріп шығуға шақырамын. Әкем туралы болғаннан емес, себебі бұл фильм ұлы адам жайында түсірілген. Барлығымыз саясаткерді басқа қырынан тани аламыз, оның жанын көруге мүмкіндік бар", - деп жазды Назарбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

 

Әлия Назарбаева фильмдегі кадрларды да көрсетті. Онда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кіші қызы және оның балалары туралы баяндайды.

 

"Әлияның Алдияр дейтін ұлы бар. Мен оны қатты жақсы көремін. Оның тағы бір қарындасы дүниеге келген. Оларға барғанда кішкентай Алдияр мойнымнан құшақтайды да, маған не әкелдің деп тұрып алады. Мен оның шоколадты жақсы көретінін білемін. Кел, мына қалтама қолыңды сал деймін. Осындай сәттерде бәрін ұмытасың", - дейді Назарбаев.

 

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев үлкен қызы Дариғаның балалары туралы айтты.

 

"Дариғаның қызы &ndash Венера қызды болды. Сонда ол менің ең кішкентай шөберем болады. Қолыма ұстап көргенде салмағы да жоқ сияқты", - дейді Елбасы.

 

Айта кетейік, өткен жылы 1 желтоқсан &ndash Президент күніне орай республикалық телеарнадан "Штрихи к портрету" деректі фильмінің алғашқы сериясы көрсетілген болатын. Ал кеше, 8 қаңтарда үшінші бөлімі шықты.

 

 

 




Көрілген: 1648    Пікірлер: 0

сенбі, 09.01.2021, 14:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31