Мәселе

Алматы әкімі Бауыржан Байбек ұлымен бірге автобусқа отырды

  • Алматы әкімі Бауыржан Байбек ұлымен бірге автобусқа отырды

    Алматы әкімі Бауыржан Байбек ұлымен бірге автобусқа отырды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек демалыс күндері отбасымен бірге Панфилов бульварында қыдырып, қоғамдық көлікпен жүрді. Ұлымен бірге түскен суретін Instagram желісінде жариялапты.


"Жексенбі күні кешкісін балалармен бірге Панфиловқа баруды жөн көрдік. BRT желсіндегі 205-ші автобусты күтіп тұрып, бұл бағдардың аялдамадағы қағаз кестеде жоқ екенін байқадым. Бірақ автобус электронды таблоға сәйкес дәл уақытында келді", - дейді Байбек.


Әкім атап өткендей, екі жыл ішінде Алматының автобус паркі 80%-ға жаңарды, бірақ істейтін шаруа әрқашан табылады. 38-ші бағдардағы ескі автобустар туралы шағым көп түседі.


"Жақында тағы 500 автобус келеді. Сол кезде осы бағдарды бірінші айырбастаймыз", - деп уәде берді қала басшысы.


Байбектің айтуынша, автобуспен Панфилов және Төле би көшелерінің қиылысына дейін жеткен, ал қайтарда метроға мініпті.


"Қалалықтардың көңіл-күйі жақсы, Алматыға сай. Бәрі бал-бұл жанып жүр, дәмхана мен мейрамханалар лық толы. Гоголь көшесіндегі кітап дүкеніне кірдік. Жастар көп – қуантарлық жайт. Үйге метромен қайттық. Ескі станцияларда мүгедек жандарға жағдай барлық жерде жасалмаған, дәретханалар жоқ. Жаңа жобаларда осының бәрі ескеріледі", - деп атап өтті Байбек.


Әкім еске салғандай, жақында Алматыға жұмыс сапарымен келген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев метрополитеннің екі станциясының құрылысын жалғастыруға республикалық бюджеттен 2 миллиард теңге қосымша бөлуді тапсырған болатын.


"Сегіз жаңа қозғалмалы құрам – 32 вагон сатып салдық. Қазір Алматы метрополитенінде жеті құрам ғана бар – 28 вагон. Сөйтіп, саны екі еседен артық көбейеді", - деп ойын түйіндеді Байбек.


Атап өтсек, Байбектің бес баласы бар: екі қызы – Інжу мен Жарқынай және үш ұлы – Нұрмұхаммед, Нұрдәулет және Нұржігіт.


Sputnik


 




Көрілген: 309    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.05.2019, 17:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30