Мәселе

Алматы әкімі бетперде тағуға қатысты пікір білдірді

  • © Photo :  Нұр-Сұлтана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    © Photo : Нұр-Сұлтана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бетперде тағуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды   sputniknews.kz тілшісі.

 

Бүгінгі онлайн брифинг кезінде әкім аудандарды аралап, бетперде кимеген адамдармен сөйлескенін жеткізді. Сол кезде көбісі далада бетперде кимеуге де болатынын айтқан.

 

"Мен аудандарға шыққанда адамдарды көріп, бетперде кимеудің себебін сұрағанмын. Сонда "далада бетпердені тақпауға да болады, вирус жабыспайды" дейді, я болмаса, "ауырған адам ғана кисін" дей салады. Бірақ көбісі ауырып жүргенін де білмейді ғой. Себебі аурудың белгілері де жоқ. Біз ондай адамдарды скрининг кезінде анықтап жатамыз", – деді Сағынтаев бүгінгі онлайн брифингте.

 

Әкімнің айтуынша, бүгінде жұмыста, далада және қоғамдық көлікте бетперде кию керек. Автобустарда арнайы топтар тәртіпті бақылап жүреді.

 

"Қоғамдық көлікте жолаушылар форма киген адамды көрген бойда қалтасынан бетпердені шығарып, кие бастайды. Неге олай істейсіздер? Бетпердені киіп отыру керек қой. Оған қоса, автобуста адамдар арасындағы қашықтық көп емес. Қазір бетперде болмаса, автобусқа кіргізбейді. Мен сондай шешім қабылдадым", – деп атап көрсетті Сағынтаев.

 

Бұдан бөлек, кәсіпкерлік және өндірістік нысандарда санитарлық-дезинфекциялық талаптарды сақтау жағы да қатаң тексеріледі. Тәртіп бұзушылықтар болса, ондай нысандар жабылады.

 

 




Көрілген: 721    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.05.2020, 17:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31