Мәселе

Алматы әкімі Тоқаевқа қандай ұсыныс жасады

  • Фото:akorda.kz

    Фото:akorda.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев құрылыс жұмыстары кезінде ағаштарды кесу мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Кейбір учаскелерде құрылыс жұмыстарын жүргізгенде ағаштарды кесуге тура келетінін атап өткен Алматы әкімі қалада жасыл желектің көбейгенін өзі де қалайтынын айтты.

 

"Біз өткен жылы үш жылда бір миллион ағаш отырғызу бағдарламасын қабылдадық. Содан кейін бір ұсыныс жасадық. Бүгінде бір кесілген ағаштың өтемақысы – бес ағаш, оны экология министрлігі он ағашқа дейін көтерді. Осы жолы президент келгенде мен он ағаш аз, 100 ағашқа дейін жеткізуіміз керек деп айттым", – деді Сағынтаев бүгінгі онлайн брифингте.

 

Оның айтуынша, 100 ағаш жай тал емес, кәдімгідей үлкен ағаш болуы қажет. Соның бәрін кәсіпкер емес, әкімдік отырғызуы тиіс.

 

"Ағаштарды кәсіпкер емес, біз отырғызуымыз керек. Ол ақшасын төлесе болды. Негізі, мектепті салғанда ағаш кесілсе, артынан құрылыс жұмыстары біткеннен кейін оның айналасын баққа айналдырып жіберуге болады", – деп атап көрсетті Сағынтаев.

 

 




Көрілген: 436    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.05.2020, 19:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31