Мәселе

Алматы әкімдігі аялдамада түсірілген видеоға қатысты түсініктеме берді (видео)

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Алматыда аялдамада бір топ адамның автобус күтіп тұрғаны видеоға түсіріліп, желіде тарады. Әлеуметтік желі қолданушылары мұны автобус немесе дизель отынының жетіспеушілігімен байланыстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

 

Қаланың мобильділік басқармасы желіде тараған видеоның Райымбек даңғылы мен Әшімов көшесіндегі "№7 қалалық аурухана" аялдамасында түсірілгенін айтып, жағдайды түсіндірді.

 

Бұл аялдамадан 18 автобус жүреді: №11, 14, 15, 16, 23, 26, 27, 31, 47, 67, 78, 95, 102, 112, 115, 118, 128, 202. Жалпы күніне 263 автобус қатынайды.

 

"Адам көп қатынайтын уақытта жолдағы кептеліске байланысты бағдарлардың қозғалыс кестесі бұзылады. Жол жөндеу жұмысы жүргізілуіне байланысты қозғалыс уақыты ұзарады. Орталық диспетчерлік қызмет әрбір маршруттың қозғалысын қадағалайды, ауытқу байқалған кезде шара қабылдау үшін тасымалдаушыға хабарлайды", - деді басқармада.

 

Ресми ақпаратқа сәйкес, қалада 2 мыңға жуық автобус бар. Бүгінде автопарктер арасында жанармай тапшылығы жоқ.

 

 

 




Көрілген: 869    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.10.2021, 22:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31