Мәселе

Алматы әкімдігі баннердегі суреті үшін ақша талап еткен келіншекке жауап берді

  • © 31арна

    © 31арна

Алматы әкімдігінің өкілдері қазақстандық Самал Омарованың баннердегі фотосуреттерін пайдаланғаны үшін оған ақша төлеу туралы талабына жауап берді. Шенеуніктер сурет тегін қор ресурстарынан алынғанын түсіндірді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Алматы қаласының мәдениет басқармасы қаланың сыртқы жарнамасында пайдаланылған медициналық маскадағы қыздың фотосуреті Дүниежүзілік еркін фотосуреттер банкінен Freepik.com сайтынан алынғанын айтты.

 

"Бұл әлеуметтік жарнамалық науқанға бюджет бөлінбеді және Дүниежүзілік банктен лицензияланған фотосуреттерді пайдалану ешкімнің құқығын бұзбайды. Авторлық құқыққа қатысты барлық заңды сұрақтар - Дүниежүзілік фотосуреттер банкіне жіберілуі керек", - деп түсіндірді әкімдіктегілер.

 

Сондай-ақ, әкімдік нақты адамның фотосуретін пайдалану үшін оның ресми рұқсаты қажет екенін, ал банкте жарнаманың кез келген түрінде шектеусіз мөлшерде пайдалануға болатын лицензиялық фотосуреттер бар екенін айтып өтті.

 

Еске салайық, мұның алдында қазақстандық қыз баннерлердегі суреті үшін миллион теңге төлеуді сұраған болатын.

 

 

 

 




Көрілген: 1645    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.01.2021, 14:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31