Мәселе

Алматы баннерлеріндегі бетперде таққан қыз: Қазақстандық әйел әкімдіктегілер суретін рұқсатсыз қолданғанына шағымданды

  • Алматы баннерлеріндегі бетперде таққан қыз: Қазақстандық әйел әкімдіктегілер суретін рұқсатсыз қолданғанына шағымданды

    Алматы баннерлеріндегі бетперде таққан қыз: Қазақстандық әйел әкімдіктегілер суретін рұқсатсыз қолданғанына шағымданды

Самал Омарова коронвирусқа қарсы насихат үшін суретін рұқсатсыз пайдаланған Алматы әкімдігінен қаржы талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Бетперде киген қыздың суреті қазірдің өзінде COVID-ге қарсы науқанның символына айналды. Алғаш рет бұл сурет былтыр көктемде Алматыда баннерлерде пайда болды.
Өткен жылы Алматы әкімдігі баннерлердің кейіпкері филиппиндік қыз деп мәлімдеген және суреттер интернеттен алынғанын айтты.

Бірақ Алматы облысының тұрғыны, қазақстандық әйел Самал Омарова бұл өзінің суреті екенін айтады. Оның суретін біреу рұқсатсыз пайдаланған көрінеді. Самал Алматы облысының Жаңашыр ауылында тұрады. Үш қыз тәрбиелеп отырған ана. Ол сүт зауытында лаборант болып жұмыс істейді.

Самал өзін кім және қашан түсіргенін білмейді. Келіншек жазда дәл осылай банкке барғанын айтып, сол кезде жасырын камералар арқылы суретке түсіруі мүмкін екенін жеткізді. Самал өзінің бейнесін пайдаланғаны үшін ақы алуға құқылы екенін айтады.

Ол жарнама агенттігіне хат жазып үлгерген. Бірақ олар келіншекті әкімшілікке жіберіпті.

"Менің суретім барлық жерде ілінгеніне қуаныштымын. Жарнама үшін алты миллион берілген. Соның ең болмағанда бір миллионын маған бесін", - дейді келіншек. 

Фотограф-дизайнер Максим Леонидов мұндай суреттерді тек сапалы жабдықты қолдану арқылы алуға болатындығын айтады. 

"Мұндай суретті банкте түсіру мүмкін емес. Оған қоса адамды байқатпай суретке түсірді деген шындыққа жанаспайды. Шымыен көздері ұқсайды. Бірақ бізде филиппиндік модельдің фотосессиясы бар. Тіпті маскасыз суреттерін де көрсеңіздер болады", - дейді маман.

Алматы әкімдігі суретті дүниежүзілік тегін фотосуреттер банкінен алғандарын айтты. 




Көрілген: 1627    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 15:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31