Алматы да "сары аймаққа" енді
Алматы "сары зонаға" енді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
 
Бүгінгі күні "қызыл зонада" инфекцияның таралу қаупі жоғары аймақтар - Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
 
- Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары қауіп-қатердің орташа тәуекеліне ие - "сары зонада", - деді ол.
 
Ал қалған өңірлер инфекцияның таралу қаупі төмен салыстырмалы түрде "жасыл зонада" болып саналады.