Алматы жастары Жириновскийдің арманын орындады
Қазақ жастары Алматыдағы қоқыс жәшігіне қазақты мазақ еткен Жириновскийдің есімін берді.
 
zakon.kz хабарлауынша, Владимир Жириновскийдің қазақтарды мазақ етіп, сөзбен түйреп тұратын әдеті бар еді. «Қазақстан деген ел адамзат тарихында болмаған. Қазақтарда не мемлекет, не жер болған емес. Қазақстанның солтүстік облыстарының барлығы дерлік орыстың жері», деген.
 
Кейінірек, Жириновский қазақтың домбырасын «екі ішек, бір таяқ» деп мазақ етті. Тақыр далада ертеден кеш, не тұшымды сөзі жоқ, қазақтың аңыраған әнінен басқаға жарамайтын қу таяқ. «Қазақ тілі деген не өзі? Жазба әдебиеті болмаған ұлтта қайдағы тіл?» деп тілдеді. Қазақ ұлтының намысына тиетін сөздерінен кейін В.Жириновский жақындағы сұхбатында Алматыдағы өзі тұрған Масанчи көшесіне, оқыған мектебіне өз атын бергенін қалайтынын жеткізді.