Мәселе

Алматы қаласының ішінде 26 полиция бекеті ұйымдастырылады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда карантиндік шараларды күшейту мақсатында қаланың ішінде 26 бекет ұйымдастырылады. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы мақсатта карантиндік шараларды күшейту үшін қалада жүріс бөлігін тарылту және шектеу белгілерін орнату арқылы 26 пост ұйымдастырылады. Төтенше жағдайдың режимін қасақана бұзатын автокөлік иелері ҚР ӘҚбК-нің 785 бабына сәйкес айыппұл тұрағына жөнелтілетін болады. 65 жастан асқан азаматтарға үйден немесе пәтерлерінен шықпау ұсынылады. Көшеде үлкен адамның қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандарға ерекше назар аударылады. Егер кәмелетке толмаған балалар көшеде жүргені анықталса, олардың ата-аналары немесе қамқоршылары ҚР ӘҚбК-нің 476 бабына (Төтенше жағдай режимін бұзу) сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады», - деді ПД басшысы Қанат Таймерденов.

 




Көрілген: 229    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.03.2020, 16:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31