Мәселе

Алматы көшелері мен аулаларын жаяу аралайтын полицейлер саны артты

  • © REUTERS / PAVEL MIKHEYEV

    © REUTERS / PAVEL MIKHEYEV

Алматыда жаяу патруль саны артты. Бұл туралы қаланың полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді, деп хабарлайды sputniknews.kz тілшісі.

 

"Қала әкімдігінің тапсырмасы бойынша талдау нәтижесінен кейін патрульдік полиция қызметкерлерінің 50%-ін қала көшелері мен аулаларын жаяу патрульдеу қызметіне ауыстыру туралы шешім қабылдадық", - деді Таймерденов брифингте.

 

Айтуынша, қазіргі таңда қалада екі мыңнан астам патрульдік бағыт анықталды. Оның ішінде 478-і – автокөлік, 1487-і жаяу патрульдеу.

 

"Орташа алғанда тәулік сайын қоғамдық тәртіпті күзетуге шамамен екі мың полиция қызметкері жұмылдырылады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күн сайын ең қылмыстық 550 бағыт бойынша екі ауысымда күзет жүргізеді. Жаяу патруль енгізілген сәттен бастап аталған аудандарда қылмыстың тіркелуі 16,5 процентке азайды", - деді ол.

 

Таймерденов қалада қылмыстық ахуалдың жақсаруына стационарлық полиция бекеттерінің де көмегі көп тигенін атап өтті.

 

 

Айтуынша, қылмыстық аудандар мен заң бұзушылық жиі болатын орындарда 41 полиция бекеті құрылған. Олардың төртеуі туристік, отыз жетісі криминогендік аудандарда.

 

"Күніне осы бекеттерде 111 полиция қызметкері жұмылдырылған. Осы жылдың төрт айында стационарлық полиция бекеттеріне 4 мыңнан астам азамат жүгінді. 1167 өтініш қанағаттандырылды. Бір мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды. Екі мыңға жуық азамат заңгерлік көмек пен кеңес алды", - деді департамент басшысы.

 

Қылмыстық аудандарда бекеттер орнатылғаннан кейін қылмыстарды ашу көрсеткіші 11,8 процентке жақсарған.

 

Сонымен қатар, ұрлықты азайту мақсатында аялдамалар мен қоғамдық көліктерде бейнебақылау камераларын орнату жоспарланып отыр.

 

Департаменттің ақпаратынша, қалада 2017 аялдама пункті бар, бірақ оларда бейнебақылау камерасы орнатылған.

 

 




Көрілген: 479    Пікірлер: 0

жұма, 22.05.2020, 16:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30