Мәселе

Алматы кіреберісінде бекеттер қойылады

  • © AFP 2019 / RUSLAN PRYANIKOV

    © AFP 2019 / RUSLAN PRYANIKOV

Құрбан айт қарсаңында қала аумағына жануарларды алып келуді болдырмау үшін Алматы қаласының кіреберістерінде бекеттер ұйымдастырылады. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігерінің 24 шілдеде қабылданған қаулысында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Бұрынғыдай блок бекеттер қойылмайды, бірақ қалаға кіретін көліктер тексеріледі", - деді Жандарбек Бекшин.

 

Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 31 шілде – 2 тамыз аралығында Алматы қаласындағы мал сою цехтары мен мал сату базарының жұмысы тоқтайды. 

 

Сонымен қатар қала аумағында мал союды ұйымдастыруға және өткізуге, автокөліктерде және жеке үйлерде мал сатуға тыйым салынады.

 

"Алматыдағы барлық ұйымдар, соның ішінде жеке үйлерде адам көп жиналатын шара өткізуге болмайды", - деді қаланың бас санитар дәрігері.

 

2020 жылы Құрбан айт 31 шілде-2 тамыз аралығына түсіп отыр. Пандемия кезінде құрбандық шалуға онлайн режимде Qurban2020.kz сайты арқылы өтінім беруге болады.

 

"Сайт арқылы құрбандық шалуға тапсырыс беру және мұқтаж жандардың ет алуға өтініш қалдыруы 24-30 шілде аралығында жүргізіледі. Биыл пандемияға және карантин талаптарына байланысты онлайн құрбандық шалуға тапсырыс бергендердің отбасы үлесі берілмейді, құрбандық еттері толығымен мұқтаждарға үлестіріледі", - деді Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай.

 

Айта кетейік, карантин талаптарын сақтау мақсатында Құрбан айт намазы мешіттерде оқылмайды. Оның орнына әркім өз үйінде 2 ракат нәпіл намазын оқыса болады.

 

 




Көрілген: 523    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.07.2020, 20:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30