Мәселе

Алматы маңындағы экопостар қалай жұмыс істейді

  • ©

    © "Алматы" тв

Алматыда бірнеше экологиялық жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы Алматының Қоғамдық кеңес отырысында қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қазір қаланың периметрі бойынша экопостарды орнатуға қажетті құралдарды сатып алу және орнату бойынша тендерлік процедуралар жүріп жатыр. Экопостар бірдей режимде жұмыс істейді, яғни олар ереже бұзушыларды анықтайды, сонымен бірге қаладағы көліктердің қозғалысын бақылайтын арнайы жүйе іске қосылады. Жылжымалы зертхана да болады. Осылайша, біз автомобильдердің қозғалысын қадағалаймыз», &ndash деді Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы.

 

Сонымен қатар, Наталья Ливинская қалада 19 блокпост болатынын атап өтті.

 

«Біз тікелей Полиция департаментімен жұмыс істейміз. Заң бойынша полицейлер көлік иесін тоқтатып, айыппұл салуға құқылы. Экопостарда көліктерден шығатын зиянды заттарды өлшеуге арнайы оқытылған мамандар жұмылдырылады. Сонымен қатар, сол қызметкер хаттама жасайды, оның негізінде полиция қазірдің өзінде шара қолдана алады», - деді ол.

 

Бұған дейін, карантин кезінде жұмыс істеген блокпост тұрған жерлерде экопостар орнатылатыны туралы жазған болатынбыз.




Көрілген: 416    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.09.2020, 16:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31