Мәселе

Алматы мен Нұр-Сұлтанда ХҚО-дан дайын құжаты үйге жеткізу қызметі іске қосылды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына сілтеме жасап.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» клиенттің үйіне дейін дайын құжаттарды жеткізу қызметін көрсетуде 144 Мемлекеттік қызметті қамтиды.

 

Оның ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жер учаскесінің актісі, білім туралы құжатты апостильдеу, мұрағат анықтамасы, әскери билеттің телнұсқасын беру және басқалар бар.

 

Жақын арада жүргізуші куәлігін, жеке куәлікті, паспортты және басқа да құжатты үйге дейін тапсырыспен жеткізу қызметрі қолжетімді болады.

 

Құжаттар дайын болғаннан кейін клиенттің қажетті мекенжайына құжатты жеткізуді рәсімдеуді ұсынатын веб-сілтемесі бар SMS-хабарлама жолданады. Қызмет ақылы, қала бойынша жеткізу құны – 970 теңге.

 

 «Біз қазақстандықтар үшін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде барынша қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Құжаттарды үйге жеткізу сервисін өткен жылы сынай бастадық және біртіндеп оны жетілдіріп келеміз. Бұл біздің клиенттеріміздің мемлекеттік қызметтерді алу барысын жеңілдетіп, олардың қаржысы мен уақытын айтарлықтай үнемдейді. Бүгінде сервис алматылықтар мен елорда тұрғындары үшін қолжетімді, жақын арада сервисті өзге қала тұрғындары да пайдалана алатын болады» – деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

 

Құжаттарды жеткізу бойынша пилоттық жоба бір ай бұрын астаналық ХҚО-лардың бірінде іске қосылды, онда серіктес курьерлік қызмет арқылы 50-ден астам құжат жеткізілді.

 

2020 жылдың қазан айында еgov.kz электрондық үкімет порталында осыған ұқсас қызмет пайда болды – ол кезде автокөліктердің мемлекеттік нөмірі мен дайын техпаспортын үйге жеткізу сервисі іске қосылды.

 




Көрілген: 563    Пікірлер: 0

жексенбі, 16.05.2021, 02:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30