Мәселе

Алматы облысында 4 жастағы бала балабақшаның терезесінен шатырға шығып кеткен (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматы облысында балабақшаның терезесінен 4 жастағы бала шатырға шығып кетіп, аман қалды. Оқиға Қапшағай қаласындағы «Ақдидар» балабақшасында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Балабақша шатырына 4 жастағы баланың шығып кеткені түсірілген бейнежазба бірден әлеуметтік желіге тарап, халықтың наразылығын тудырды. Шатырдың үстінде жүрген бүлдіршінді дереу тәрбиеші байқап, баланың артынан өзі де шатырға шығып, көмекке ұмтылған.


Балабақша меңгерушісінің сөзінше, бала жатын бөлменің терезесін ашып, сыртқа шығып кеткен. Оқиға қыркүйектің екісі күні таңғы сағат 8:15-тер шамасында болған.


«Бала өміріне қауіп төнген жоқ. Осы оқиғадан кейін баланың анасын шақырып, болған оқиға жайлы айттық. Ол кісі баласының мазасыз екенін, ерке екенін жеткізді. Үйде де осыған ұқсас оқиғалардың болғанын айтып берді. Топ тәрбиешісіне тәртіптік жаза қолданып, қатаң сөгіс берілді. Ал балабақша екі қабаттан тұрады. Екінші қабатта 8 топ орналасқан. Сол топтардың терезесіне темір тор қоюға төтенше жағдайлар рұқсат бермейді», - деді «Ақдидар» балабақшасының меңгерушісі Гүлзада Ақынбекова.


«Ақдидар» — мемлекеттік балабақша. Бұл жерде 370 бала тәрбиеленіп жатыр. Ал тәрбиешілер саны 35.


 




Көрілген: 673    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.09.2019, 17:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30